1. Қазақстан Республикасында шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға саяси баспана беру тәртiбi туралы Ереже (қоса берiлiп отыр) бекiтiлсiн.
Внимание! Документ утратил силу с 10.10.2006
Қазақстан Республикасында шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға саяси баспана беру тәртiбi туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы. 1996 жылғы 15 шiлдедегi N 3057
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 14-тармақшасына сәйкес қаулы етемiн:
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) Қазақстан Республикасында саяси баспана алған адамдарды жайластыру жөнiндегi шығыстарды қаржыландыру жергiлiктi бюджеттердiң көшi-қон шараларына көзделген қаражаты есебiнен жүзеге асырылсын.
2) екi ай мерзiмде:
Қазақстан Республикасында шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға саяси баспана беру тәртiбi туралы куәлiктiң үлгiсiн әзiрлеп, бекiтетiн болсын;
аталған үлгiнiң жасалуын қаржыландыруды қамтамасыз етсiн;
өзiнiң нормативтiк актiлерi мен орталық атқарушы органдардың актiлерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн.
3. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қызмет бабында пайдалану үшiн
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 15 шiлдедегi N 3057 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға саяси баспана беру тәртiбi туралы ЕРЕЖЕ
Осы Ереже Қазақстан Республикасының шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға саяси баспана беру тәртiбiн айқындайды.
I. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасында шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан былай - адамдар) саяси баспана халықаралық құқықтың жалпы танылған нормалары негiзiнде Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдары мен осы Ережеге сәйкес берiледi.
2. Қазақстан Республикасы өзi азаматы болып табылатын және/немесе тұрып жатқан елiнде қоғамдық-саяси қызметi, нәсiлi немесе ұлты, дiни сенiмi үшiн қудалаудан немесе қудалау құрбаны болудың айқын қатерiнен баспана және қорғаныш iздеген адамдар мен олардың отбасы мүшелерiне, сондай-ақ халықаралық құқық нормаларымен көзделген адам құқықтары бұзылған жағдайларда саяси баспана бередi.
3. Қазақстан Республикасында саяси баспана беру туралы немесе саяси баспана беруден бас тарту туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының Президентi қабылдайды.
4. Қазақстан Республикасында саяси баспана, егер адам:
1) Қазақстан Республикасының заңдарымен қылмыс деп танылған әрекеттерi (немесе әрекетсiздiгi) үшiн қудаланса немесе Бiрiккен Ұлттар Ұйымының мақсаты мен принциптерiне қайшы келетiн әрекеттер жасауға кiнәлi болса;
2) қылмыстық iс бойынша айыпталушы ретiнде жауапқа тартылса немесе оған қатысты Қазақстан Республикасының аумағында заңды күшiне енген соттың айыптау үкiмi бар болса;
3) үшiншi елде тұрып, онда оған қудалану қауiп төнбесе;
4) көрiнеу жалған мәлiметтер табыс етсе;
5) өзiнде үшiншi елдiң азаматтығы бар болып әрi онда ол қудаланбайтын болса берiлмейдi.
II. Қазақстан Республикасында шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға саяси баспана беру туралы өтiнiштердiң берiлуi және оларды қарау тәртiбi
5. Қазақстан Республикасының аумағында жүрген және саяси баспана алуды қалайтын адам Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігіне (бұдан былай - Көші-қон және демография жөніндегі агенттік) немесе оның аумақтық бөлімшесіне Қазақстан Республикасы Президентінің атына жазбаша өтініш беруге тиіс.
Қазақстан Республикасынан тыс жерде жүрген адам мұндай өтiнiштi Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiгi немесе консулдық мекемесi арқылы бередi.
14 жасқа толмаған балалардың оларға саяси баспана берiлу үшiн жазбаша келiсiмi талап етiлмейдi.
Өтініш беруші адам саяси баспана беру туралы мәселе шешілгенге дейін кемінде екі рет Көші-қон және демография жөніндегі агенттікте немесе оның аумақтық бөлімшесінде, не өзінің тұрғылықты жері бойынша Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігінде (консулдық мекемесінде) белгіленіп отырады. Осы тәртіп сақталмаған жағдайда Көші-қон және демография жөніндегі агенттіктің немесе оның аумақтық бөлімшесінің не дипломатиялық өкілдіктің (консулдық мекеменің) мән-жай анықталғанға дейін материалдарды ресімдеуді кідірте тұруға құқығы бар.
Қазақстан Республикасында саяси баспана берiлуi туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң атына жазылған өтiнiште осы Ереженiң 2-тармағына сәйкес келетiн негiздер баяндалуға тиiс.
Өтiнiшке өмiрбаян, фотосуреттер, денсаулық жағдайы туралы анықтама, соның iшiнде иммундық тапшылық вирусына тексеруден өткендiгi жөнiндегi анықтама, сондай-ақ осы мәселеге қатысты басқа да құжаттар қоса берiлуге тиiс.
5-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 19.04.2000. № 374 жарлығымен.
6. Көші-қон және демография жөніндегі агенттіктің аумақтық бөлімшелері немесе Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігі (консулдық мекемесі) материалдарды (міндетті түрде мемлекеттік немесе Қазақстан Республикасында ресми қолданылатын тілге аудармасымен) Көші-қон және демография жөніндегі агенттікке жібереді.
6-тармақ жаңа редакцияда ҚР Президентінің 19.04.2000. № 374 жарлығымен.
7. Көші-қон және демография жөніндегі агенттік өтiнiш берген адамға Қазақстан Республикасында саяси баспана берудiң орындылығы жөнiнде Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң, Iшкi iстер министрлiгi мен Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң қорытындысын сұратып алдырады.
7-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 19.04.2000. № 374 жарлығымен.
8. Көші-қон және демография жөніндегі агенттік ресiмделген материалдарды (мiндеттi түрде мемлекеттiк немесе Қазақстан Республикасында ресми қолданылатын тiлге аудармасымен) еңбекке, тұрғын үйге және өзге де орналастыру мүмкiндiгi туралы дәлелдi қорытындымен бiрге Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгiнiң Мемлекеттік-құқық бөлiмiне жiбередi.
8-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 19.04.2000. № 374 жарлығымен.
9. Саяси баспана беру туралы өтiнiш жөніндегi материалдарды қарау мерзiмi өтiнiш тiркелген күннен бастап үш айдан аспауға тиiс.
10. Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгiнiң Мемлекеттік-құқық бөлiмi материалдарды Қазақстан Республикасында саяси баспана берудiң орындылығы туралы немесе саяси баспана беру туралы өтiнiштi қабыл алмау туралы өз қорытындысымен бiрге Азаматтық мәселелерi жөнiндегi комиссияға жiбередi.
10-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 19.04.2000. № 374 жарлығымен.
11. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Комиссия өтiнiштер мен оларға қосымша материалдарды қарап, әрбiр өтiнiш бойынша Қазақстан Республикасының Президентiне өз ұсынысын енгiзедi.
III. Қазақстан Республикасында саяси баспана беру туралы Қазақстан Республикасы Президентi жарлықтарының орындалу тәртiбi
12. Саяси баспана беру Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен жүргiзiледi.
13. Саяси баспана беру не саяси баспана беру жөнiндегi өтiнiштi қабыл алмау туралы Президент Жарлығы орындалу үшiн Сыртқы iстер министрлiгiне, Iшкi iстер министрлiгi мен Көші-қон және демография жөніндегі агенттікке жiберiледi.
13-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 19.04.2000. № 374 жарлығымен.
14. Көші-қон және демография жөніндегі агенттік не дипломатиялық өкiлдiк немесе консулдық мекеме қабылданған шешiм туралы Қазақстан Республикасында саяси баспана беру жөнiнде өтiнiш берген адамды хабардар етедi.
14-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 19.04.2000. № 374 жарлығымен.
15. Қазақстан Республикасында саяси баспана берiлген адамға және оның отбасының 16 жасқа толған мүшелерiне белгiленген үлгiдегi куәлiк берiледi.
Саяси баспана беру туралы куәлiктi Көші-қон және демография жөніндегі агенттік бередi.
15-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 19.04.2000. № 374 жарлығымен.
16. Облыстардың, қалалардың, республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасының, аудандар мен қалалардағы аудандардың iшкi iстер басқармалары мен бөлiмдерi Қазақстан Республикасында саяси баспана беру туралы куәлiк негiзiнде осы Ереженiң 14-бабында аталған адамдардың тұруына рұқсат қағаз ресiмдейдi.
17. Қазақстан Республикасында саяси баспана берiлген адам саяси баспана құқығынан:
1) Қазақстан Республикасында саяси баспанадан ерiктi түрде бас тартқан;
2) Қазақстан Республикасының азаматтығын немесе басқа елдiң азаматтығын алған;
3) өзi азаматы болып табылатын елге ерiктi түрде қайтып оралған немесе үшiншi елге тұрақты тұруға кеткен;
4) осы Ереженiң 2-тармағында белгiленген негiздердi жоғалтқан жағдайда айрылады.
Көші-қон және демография жөніндегі агенттік саяси баспана құқығынан айрылуды бұл жайында кейiннен Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiгiнiң Мемлекеттік-құқық бөлiмi мен Iшкi iстер органдарына хабарлай отырып тiркейдi.
17-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 19.04.2000. № 374 жарлығымен.
18. Ұлттық қауiпсiздiк мүдделерiне, Бiрiккен Ұлттар Ұйымының мақсаты мен принциптерiне қайшы келетiн әрекеттермен шұғылданған жағдайларда не, егер ол қасақана қылмыс жасаса және оған қатысты заңды күшiне енген айыптау үкiмi бар болса, осы адамды Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасындағы саяси баспанадан айырады.
IҮ. Қазақстан Республикасында саяси баспана алған адамдардың және олардың отбасы мүшелерiнiң құқықтық жағдайы
19. Саяси баспана алған адамдар мен олардың отбасы мүшелерi Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайлары туралы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ мiндеттер атқарады.
V. Саяси баспана беру мәселелері жөніндегі шешімдерге шағымдану
20. Уәкілетті органның саяси баспана беру туралы арызды қабылдаудан негізсіз бас тартуына, өтінішті қарау мерзімдерін бұзуына немесе лауазымды адамдардың өтінішті қарауға және қабылданған шешімдердің орындалуына байланысты басқа да заңсыз іс-әрекеттеріне бағыныстылық жағынан жоғарғы тұрған органға немесе сотқа шағымдануға болады.
Жаңа V-бөліммен толықтырылды ҚР Президентінің 19.04.2000. № 374 жарлығымен.
Полная версия