Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк актiлерiн Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етедi:
Внимание! Документ утратил силу с 02.06.2000
"Қазақстан Республикасындағы банктерде клиенттердiң банктiк шоттарын ашу, жүргiзу және жабу тәртiбi туралы" Нұсқаулық жайында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасы 1997 жылғы 4 наурыздағы N 61. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 5 мамыр тіркелді. Тіркеу N 307. Нұсқаулықтың атауындағы "Екінші деңгейдегі" деген сөздер "Қазақстан Республикасындағы" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 1998.12.23. N 287 қаулысымен.
1. "Екiншi деңгейдегi банктерде клиенттердiң банктiк шоттарын ашу, жүргiзу және жабу тәртiбi туралы" Нұсқаулық және қолдар мен мөрлер бедерлемелерiнiң үлгiлерi бар құжат нысаны бекiтiлiп, 1997 жылғы 1 сәуiрден бастап күшiне енгiзiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң басқармасы бекiткен "Қазақстан Республикасы банктерiнiң мекемелерiнде ашылатын есеп айырысу, ағымдағы және бюджеттiк шоттар туралы" N 127 Нұсқаулық (1993 жылғы 23 маусымдағы N 16 хаттама) 1997 жылғы 1 сәуiрден бастап күшiн жойды деп танылсын.
3. Банктiк қадағалау департаментi (Жұмағұлов Б.К.) осы қаулы,
бекiтiлген Нұсқаулық пен қолдар және мөрлер бедерлемелерiнiң үлгiлерi бар
құжат нысаны жайында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық (бас
Алматы аумақтық) басқармаларына хабарласын, оларға осы қаулыны, жоғарыда
аталған Нұсқаулықты және қолдар мен мөрлер бедерлемелерiнiң үлгiлерi бар
құжат нысанын екiншi деңгейдегi банктерге хабарлауды мiндеттесiн.
Ұлттық Банк Төрағасы
Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкi Басқармасының 1997 жылғы
4 наурыздағы N 61 қаулысымен
бекiтiлген
(01.04.97 ж. күшiне енгiзiлген)
Тiркеу N 447
Қазақстан Республикасындағы банктерде клиенттердiң банктiк
шоттарын ашу, жүргiзу және жабу тәртiбi туралы
Нұсқаулық
1-тарау. Жалпы ережелер
"І бөлім." деген сөздер "1-тарау." деген сөздермен
ауыстырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 1998.12.23.
N 287
қаулысымен.
1. Банктiк шот - бұл депозит қабылдау және банк операцияларын атқару
жөнiндегi банк пен шот иесiнiң арасындағы:
шот иесiне өз қаржысын кедергiсiз пайдалану құқығына кепiлдiк бере отырып, банктiң шот иесiне тиiстi қолма-қол ақшаның болуын қамтамасыз етуiне және пайдалануына;
ақша сомаларын шот иесiнiң пайдасына қабылдауға (есептеуге);
шот иесiнiң тапсыруы немесе үшiншi адамдардың өкiмiмен ақша және (немесе)аударуға байланысты шарттық қатынастарды көрсету тәсiлi.
Жоғарыда көрсетілген операциялардың бәрі жүргізілмейтін шоттар, сондай-ақ банктердегі бухгалтерлік есептің позициясын көрсететін шоттар, баланстық шоттың құрамы болып табылатын жеке шоттар (субпозициялар), оның ішінде несие шоттары банктік шоттар болып табылмайды.
#$1-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
1998.12.23. N 287 қаулысымен.
2. Банктік шоттар теңгемен де, шет елдік валютамен де ашылуы және жүргізілуі мүмкін және жеке адамдар мен заңды тұлғалардың, заңды тұлғалардың (филиалдар мен өкілеттіктердің) оқшауланған бөлімшелерінің корреспонденттік, ағымдағы және жинақ шоты болып бөлінеді.
Корреспонденттік шоттар - банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктердің және ұйымдардың банктік шоттары.
Ағымдағы және жинақ шоттары - заңды тұлғалардың, заңды тұлғалар мен жеке адамдардың оқшауланған бөлімшелерінің банктік шоттары.
2-тармақ жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
1998.12.23. N 287 қаулысымен.
3. Корреспонденттiк шоттарды ашу, жүргiзу және жабу ерекшелiктерi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң жекелеген нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде банктік шоттар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының тиісті қаулысы негізінде заңда көзделген жағдайларда ашылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде банктік шоттар ашу ерекшелігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің арнайы нормативтік құқықтық актілермен белгіленеді.
3-тармақ өзгертілді және толықтырылды ҚР Ұлттық Банкі
Басқармасының 1998.12.23. N 287 қаулысымен.
2-тарау. Банктiк шоттарды ашу тәртiбi
#$"ІІ бөлім." деген сөздер "2-тарау." деген сөздермен
Полная версия

