1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын қызметтік жануарлармен қамтамасыз етудің заттай нормалары бекітілсін.
Внимание! Документ утратил силу с 16.11.2018
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын қызметтік жануарлармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 198 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 16.11.2018 жылғы № 772 Қаулысына сәйкес
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2. Тиісті мемлекеттік органдар тиісті жылға арналған республикалық бюджеттен бөлінген қаражат шегінде кезең-кезеңімен қызметтік жануарларды сатып алуды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 198 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын қызметтік жануарлармен қамтамасыз етудің заттай нормалары
1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының бөлімшелерін жылқылармен қамтамасыз ету нормасы
Р/с № | Пайдалану тобының атауы | Жеке құрамның 10 адамы есебінен жылқы бастарының саны |
1. | Мінуге арналған жылқы 1 | 10 |
2. | Жүк арту жылқысы 2 | 1 4 |
3. | Жегетін жылқы 3 | 1 4 |
Ескертпелер:
1 мінуге арналған жылқы - ерттеп мінуге жұмыста пайдаланылатын жылқы.
2 жүк арту жылқысы - басқа көлік түрлерін пайдалану мүмкін болмаған кезде арқасында жүк тасымалдау үшін жұмыста пайдаланылатын жылқы.
3 жегетін жылқы - басқа көлік түрлерін пайдалану мүмкін болмаған кезде жүктерді, жеке құрамды қызмет өткеру орнына арбамен жеткізу үшін жұмыста пайдаланылатын жылқы.
4 жылқыларға қажетті мұқтаждықты есептеу үшін адам саны жылқылармен қамтамасыз етілетін бөлімшенің штат санынан алынады, бұл ретте толық емес ондықтарды дөңгелектеу арттыру жағына қарай жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бөлімшелерін жылқылармен қамтамасыз ету нормасы
Р/с № | Объектілердің (бөлімдердің, бөлімшелердің) атауы | Жылқыларды пайдалану тобы | ||
Мінетін 1 | Жүк артатын 2 | Жегетін 3 | ||
1 | Шекара заставасы (кавалерлік) | 50 | 5 | 5 |
2 | Кавалерлік бөлімше | 10 | 1 | 1 |
3 | Шекара қызметі академиясының оқу-жаттығу кавалерлік заставасы | 50 | 5 | 5 |
Ескертпелер:
1 мінетін - ерттеп мінуге жұмыста пайдаланылатын жылқы.
2 жүк артатын - басқа көлік түрлерін пайдалану мүмкін болмаған кезде арқасында жүк тасымалдау үшін пайдаланылатын жылқы.
3 жегетін - басқа көлік түрлерін пайдалану мүмкін болмаған кезде жүктерді, жеке құрамды қызмет өткеру орнына арбамен жеткізу мақсатында пайдаланылатын жылқы.
3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жылқыларды өсіру бойынша бөлімшелерін қамтамасыз ету нормасы
Р/с № | Объектілердің (бөлімдердің, бөлімшелердің) атауы | Өнім беруші айғырлар | Биелер (аналық бас) | Тайлар | Жұмыс жылқылары 1 | ||||
1 жас | 2 жас | 3 жас | 4 жас | Мінетін | Жегетін | ||||
1 | Оқу-жаттығу - жөндеу кавалерлік бөлімше (застава) | 6 | 60 | 60 | 60 | 60 | 60 | 6 | 6 |
2 | Жылқылардың өнімін молайту жөніндегі бөлімше (питомник) | 1 | 10 | 10 | 10 | 10 | 10 | 1 | 1 |
Ескертпе:
1 Жұмыс жылқысы - шаруашылық жұмыстарында пайдаланылатын жылқы.
4. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бөлімшелерін қызметтік иттермен қамтамасыз ету нормасы
Р/с № | Объектілердің (бөлімдердің, бөлімшелердің) атауы және олардың сипаттамасы | Иттер санаты | ||||||
Іздеуші | Патрульдік-іздеуші | Қарауылдық | Есірткі іздеуші | Мина іздеуші (жарылғыш заттарды іздеу үшін) | Асыл тұқымды | Күшіктер | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
1) әскери бөлімдердің қару-жарақ пен оқ-дәрілер қоймалары: | ||||||||
1. | Тәуліктік күзеті бар тұрақты объект | 2 | 2 | - | 1 | - | - | |
2. | Тәуліктік күзеті бар тұрақты объектінің көлікті өткізу жөніндегі бақылау-өткізу пункті | - | 2 | - | - | - | - | - |
2) әскери полиция органдары: | ||||||||
3. | Әскери полиция жасағы | 2 | 2 | 5 | 2 | 1 | - | - |
4. | Әскери полиция бөлімі | 1 | 1 | 2 | 1 | 1 | - | - |
3) оқу-жаттығу орталықтары (орны), иттерді өсіру және көбейту питомниктері: | ||||||||
5. | Кинология қызметінің мамандарын даярлау жөніндегі оқу-жаттығу взводы (тобы) | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | - | 1 курсантқа |
6. | Иттерді өсіру және көбейту питомниктері | - | - | - | - | - | 10 | 10 |
Ескертпелер:
1. Бір кинолог-маманға бір қызметтік ит бекітіліп беріледі, ерекшелікті мыналар құрайды:
1) қарауылдық иттер - бір кинолог-маманға үш итке дейін бекітіліп беріледі;
2) есірткі іздеуші иттер - оларды қолданумен орындалатын қызметтік міндеттер шамалы мөлшерде болған кезде негізгі қызметтік мақсаты бойынша пайдаланылатын бекітілген қызметтік иті бар бөлімшенің бір кинолог-маманына бекітіліп беріледі;
3) қызметтік тұқымды иттерді өсіру және көбейту жөніндегі питомниктерде асыл тұқымды иттер мен күшіктерді (штат санында асыл тұқымды иттер бар бөлімшелерде) қызметтік жүктемені тең бөлуді қамтамасыз ету есебінен кинолог-мамандарға бекітіліп беріледі.
2. Оқу-жаттығу орталықтарындағы даярлау (қайта даярлау) курстарына кинолог-мамандар бекітіліп берілген қызметтік иттермен жіберіледі. Тыңдаушыларға (курсанттарға) оқу-жаттығу орталықтарының иттерін бекітіп беруге рұқсат етіледі.
3. Қызметтік иттердің шекті жасы 8 жас 3 ай болып табылады, одан кейін оның бұдан әрі жұмысқа жарамдылығын арнайы комиссия айқындайды. Шекті жасқа толғаннан кейін қызметтік иттер қызметтік мақсаттарда пайдалануы бойынша басқа немесе белгіленген қызмет мерзімі өткеннен кейін, денсаулық жағдайына, кемістігіне және кемтарлығына байланысты жұмыс қабілетін жоғалтуы салдарынан қызметтік мақсатта пайдалануға жарамсыз санатқа ауыстырылады, одан кейін іріктеледі.
5. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің бөлімшелерін қызметтік иттермен қамтамасыз ету нормасы
Р/с № | Күзет объектілерінің (бөлімдерінің, бөлімшелерінің) атауы және олардың сипаттамасы | Иттер санаты | ||||||||
Іздеуші | Патрульдік-іздеуші | Қарауылдық | Есірткі іздеуші | Мина іздеуші | Іздеуші-құтқарушы | Асыл тұқымды | Жөндеуші | Күшіктер | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
1) маңызды мемлекеттік объектілерді, әскери бөлімдердің қоймаларын, әскери қоймаларды (базаларды) күзету жөніндегі әскери бөлімдер (бөлімшелер): | ||||||||||
1. | Тәуліктік күзеті бар тұрақты объект | 2 | 3 | 1 | - | 2 | - | - | - | - |
2. | Тәуліктік күзеті бар тұрақты объектінің көлікті өткізу жөніндегі бақылау өткізу пункті | - | 3 | - | - | 2 | - | - | - | - |
2) түзету мекемелерін күзету жөніндегі әскери бөлімдер (бөлімшелер): | ||||||||||
3. | Тәуліктік күзеті бар тұрақты өндірістік объект | 2 | 4 | 8 | 1 | - | - | - | - | - |
4. | Жеке тұрақты өндірістік объект, бір ауысымдық жұмысы бар тұрақты құрылыс және уақытша объект | - | 3 | 6 | - | - | - | - | - | - |
5. | Алғашқы 1-2 және кейінгі әрбір үшінші қысқа мерзімді объектіге | - | 1 | 1 | - | - | - | - | - | - |
6. | Тәуліктік күзеті бар тұрақты объектінің көлікті өткізу жөніндегі бақылау-өткізу пункті | - | 3 | - | - | - | - | - | - | - |
7. | Сотталғандарды, нашақорлыққа шалдыққандарды емдеуді (ұстауды) жүзеге асыратын түзету мекемесі | - | - | - | 1 | - | - | - | - | - |
8. | Объектіні тәуліктік күзетуді жүзеге асыратын бөлімшенің із кесу тобы | - | 1 | - | - | - | - | - | - | - |
3) айдауылдау жөніндегі әскери бөлімдер (бөлімшелер): | ||||||||||
9. | Айына қарсы қарауылды тағайындаған кездегі айырбастау пункті: | |||||||||
1) 10-ға дейін | - | 1 | - | - | - | - | - | - | - | |
2) 15-ке дейін | 1 | 1 | - | - | - | - | - | - | - | |
3) 20-ға дейін | 1 | 2 | - | - | - | - | - | - | - | |
4) 20-дан астам | 1 | 3 | - | - | - | - | - | - | - | |
10. | Сотталғандарды және қамауға алынған адамдарды сот отырысына айдауылдауды жүзеге асыратын бөлімше | 1 | 1 | - | - | - | - | - | - | - |
4) жедел мақсаттағы әскери бөлімдер (бөлімшелер): | ||||||||||
11. | Жедел мақсаттағы батальон | 1 | 4 | - | - | - | - | - | - | - |
12. | Жедел мақсаттағы бөлімнің (бөлімшенің) әскери жедел резерві | - | - | - | 1 | 1 | - | - | - | - |
5) арнайы мақсаттағы әскери бөлімдер (бөлімшелер): | ||||||||||
13. | Арнайы мақсаттағы жасақ | 3 | - | - | 1 | 2 | - | - | - | - |
14. | Арнайы мақсаттағы топ | 1 | - | - | 1 | 1 | - | - | - | - |
15. | Кинология қызметінің мамандарын даярлау жөніндегі оқу-жаттығу взводы (тобы) | 1 | - | - | - | - | 1 курсантқа | - | ||
16. | Қызметтік тұқымды иттерді өсіру және көбейту питомниктері (асыл тұқымды иттері бар бөлімшелер), мынадай есеппен: | |||||||||
1) екі асыл тұқымды ит | - | - | - | - | - | - | 2 | 8 | 10 | |
2) он асыл тұқымды ит | - | - | - | - | - | - | 10 | 25 | 30 | |
3) жиырма асыл тұқымды ит | - | - | - | - | - | - | 20 | 50 | 60 | |
4) қырық бес асыл тұқымды ит | - | - | - | - | - | - | 45 | 76 | 90 |
Ескертпелер:
1. Бір кинолог-маманға бір қызметтік ит бекітіліп беріледі, ерекшелікті мыналар құрайды:
1) қарауылдық иттер - бір кинолог-маманға үш итке дейін бекітіліп беріледі;
2) есірткі іздеуші иттер - оларды қолданумен орындалатын қызметтік міндеттер шамалы мөлшерде болған кезде негізгі қызметтік мақсаты бойынша пайдаланылатын бекітілген қызметтік иті бар бөлімшенің бір кинолог-маманына бекітіліп беріледі;
3) қызметтік тұқымды иттерді өсіру және көбейту жөніндегі питомниктерде асыл тұқымды иттер мен күшіктерді (штат санында асыл тұқымды иттер бар бөлімшелерде) қызметтік жүктемені тең бөлуді қамтамасыз ету есебінен кинолог-мамандарға бекітіліп беріледі.
2. Оқу-жаттығу орталықтарындағы даярлау (қайта даярлау) курстарына кинолог-мамандар бекітіліп берілген қызметтік иттермен жіберіледі. Тыңдаушыларға (курсанттарға) оқу-жаттығу орталықтарының иттерін бекітіп беруге рұқсат етіледі.
3. Қызметтік иттердің шекті жасы 8 жас 3 ай болып табылады, одан кейін оның бұдан әрі жұмысқа жарамдылығын арнайы комиссия айқындайды. Шекті жасқа толғаннан кейін қызметтік иттер қызметтік мақсаттарда пайдалануы бойынша басқа немесе белгіленген қызмет мерзімі өткеннен кейін денсаулық жағдайына, кемістігіне және кемтарлығына байланысты және қабілетін жоғалтуы салдарынан қызметтік мақсатта пайдалануға жарамсыз санатқа ауыстырылады, одан кейін іріктеледі.
6. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бөлімшелерін қызметтік иттермен қамтамасыз ету нормасы
Р/с № | Күзет объектілерінің (бөлімінің, бөлімшесінің) атауы және олардың сипаттамасы | Иттер санаты | |||||||
Іздеуші | Күзетуші | Қарауылдық | Есірткі іздеуші | Мина іздеуші (жарылғыш заттарды іздеу үшін) | Асыл тұқымды | Саптық | Күшіктер | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
1) шекара заставалары (шекаралық бақылау бөлімшелері): | |||||||||
1. | 1-санатты шекара заставасы | 6 | 3 | - | 3 | - | - | - | - |
2. | 1-санатты шекаралық бақылау бөлімшесі | 8 | - | - | 8 | 2 | - | - | - |
3. | 2-санатты шекара заставасы | 4 | 2 | - | 2 | - | - | - | - |
4. | 2-санатты шекаралық бақылау бөлімшесі | 6 | - | - | 6 | 2 | - | - | - |
5. | 3-санатты шекара заставасы | 3 | 2 | - | 2 | - | - | - | - |
6. | 3-санатты шекаралық бақылау бөлімшесі | 4 | - | - | 4 | 1 | - | - | - |
2) арнайы мақсаттағы әскери бөлімдер (бөлімшелер): | |||||||||
7. | Коменданттық рота | 1 | 2 | 4 | 1 | - | - | - | - |
8. | Десанттық-шабуылдау заставасы | 3 | - | - | 1 | - | - | - | - |
9. | Жедел топ | 2 | - | - | 1 | 1 | - | - | - |
10. | Десанттық-шабуылдау маневрлік тобы | 4 | - | - | 1 | 1 | - | - | - |
3) оқу-жаттығу бөлімшелері: | |||||||||
11. | Оқу-жаттығу заставасы (оқу-жаттығу орталығының шекара жасағы) | - | 30 | - | - | - | - | - | |
12. | Шекара қызметі академиясының оқу-жаттығу заставасы | - | - | - | - | - | - | 30 | - |
13. | Шекара қызметінің кинологиялық орталығы | 30 | - | - | 30 | 30 | - | - | - |
4) иттерді өсіру және көбейту жөніндегі бөлімшелер (орындар), питомниктер: | |||||||||
14. | Шекара қызметінің кинологиялық орталығы | - | - | - | - | - | 50 | 360 | 150 |
15. | Шекара қызметінің академиясы | - | - | - | - | - | 10 | - | 30 |
Ескертпелер:
1. 1-санатты шекара заставасы (шекаралық бақылау бөлімшесі) - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының жіті проблемалық учаскелері.
2. 2-санатты шекара заставасы (шекаралық бақылау бөлімшесі) - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының проблемалық учаскелері.
3. 3-санатты шекара заставасы (шекаралық бақылау бөлімшесі - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының қалыпты учаскелері.
4. Бір кинолог-маманға екі қызметтік ит бекітіліп беріледі, ерекшелікті мыналар құрайды:
1) қарауылдық иттер - бір кинолог-маманға үш итке дейін бекітіліп беріледі;
2) қызметтік тұқымды иттерді өсіру және көбейту жөніндегі питомниктерде асыл тұқымды иттер мен күшіктерді (штат санында асыл тұқымды иттер бар бөлімшелерде) қызметтік жүктемені тең бөлуді қамтамасыз ету есебінен кинолог-мамандарға бекітіліп беріледі.
5. Оқу-жаттығу орталықтарындағы даярлау (қайта даярлау) курстарына кинолог-мамандар бекітіліп берілген қызметтік иттермен жіберіледі. Тыңдаушыларға (курсанттарға) оқу-жаттығу орталықтарының иттерін бекітіп беруге рұқсат етіледі.
6. Қызметтік иттердің шекті жасы 8 жас 3 ай болып табылады, одан кейін оның бұдан әрі жұмысқа жарамдылығын арнайы комиссия айқындайды. Шекті жасқа толғаннан кейін қызметтік иттер қызметтік мақсаттарда пайдалануы бойынша басқа немесе белгіленген қызмет мерзімі өткеннен кейін денсаулық жағдайына, кемістігіне және кемтарлығына байланысты жұмыс қабілетін жоғалтуы салдарынан қызметтік мақсатта пайдалануға жарамсыз санатқа ауыстырылады, одан кейін іріктеледі.
Полная версия