"Нұрлы көш" бағдарламасының пилоттық жобаларына қатысушыларға тұрғын үй сату ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 мамырдағы N 674 Қаулысы
«2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы № 1126 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
кіріспе өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.12.2009 № 2217 Қаулысымен (08.05.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
1. Осы "Нұрлы кеш" бағдарламасының пилоттық жобаларына қатысушыларға тұрғын үй сату ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы N 383 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы N 1126 қаулысымен бекітілген 2009 - 2011 жылдарға арналған "Нұрлы кеш" бағдарламасын іске асыру мақсатында әзірленді және "Нұрлы көш" бағдарламасының пилоттық жобаларына қатысушыларға тұрғын үй сату тәртібін айқындайды.
1) тұрғын үй комиссиясы - тұрғын үй алуға үміткер, "Нұрлы көш" бағдарламасына қатысушылардың тізімін қалыптастыру үшін облыстың (облыстық маңызы бар қаланың, ауданның) жергілікті атқарушы органының шешімімен құрылатын комиссия;
2) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган - облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ішкі істер департаменттері көші-қон полициясының бөлімшелері;
3) облыстың уәкілетті органы - өңірлік деңгейде халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуді және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін облыстың жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі - облыстың уәкілетті органы);
4) қаланың, ауданның уәкілетті органы - өңірлік деңгейде халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуді және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін қаланың, ауданның жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі - қаланың, ауданның уәкілетті органы);
5) Ақмола облысы Көкшетау қаласының Красный Яр ауылындағы, Ақтөбе облысы Хромтау ауданының Көктау ауылындағы, Шығыс Қазақстан облысының Курчатов және Өскемен қалаларындағы, Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Құрық пен Кендірлі ауылдарындағы және Мұнайлы ауданының Батыр ауылындағы, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Бәйтерек ауылындағы «Нұрлы көш» бағдарламасының пилоттық жобаларына қатысушылар (бұдан әрі - Бағдарламаға қатысушылар) - оралмандар не Қазақстан Республикасының азаматтығын алған және соңғы үш жылда республика аумағында тұратын көшіп келушілер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығын алған немесе ресімдеп жүрген, Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының «Асар» шағын ауданында меншік немесе жер пайдалану құқығындағы жер учаскелері бар көшіп келушілер;
6) 2009 жылғы пилоттық жобалар - "Сарыарқа", "Ертіс" және "Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларына (бұдан әрі - ӘКК) республикалық бюджеттен қайтарымды негізде бөлінген қаражаттың есебінен Ақмола облысы Көкшетау қаласының Красный Яр ауылында, Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қаласында тұрғын үй салу және қайта жаңарту, Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының "Асар" шағын ауданында тұрғын үй мен жылыжай салу;
6-1) 2010 жылғы пилоттық жобалар - жергілікті атқарушы орган қайтарымды негізде республикалық бюджеттен бөлген қаражат Ақтөбе облысы, Хромтау ауданының Көктау ауылында, Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында, Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Құрық ауылында және Мұнайлы ауданының Батыр ауылында, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Бәйтерек ауылында тұрғын үй салу, сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының «Асар» шағын ауданында тұрғын үй және жылыжай сатып алу;
6-2) 2011 жылғы пилоттық жобалар - жергілікті атқарушы орган қайтарымды негізде республикалық бюджеттен бөлген қаражат есебінен Ақтөбе облысы Хромтау ауданының Көктау ауылында, Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында, Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Кендірлі ауылында, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Бәйтерек ауылында тұрғын үй салу, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының «Асар» шағын ауданында тұрғын үй және жылыжай сатып алу;