Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2018
Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 8 шілдедегі N 325 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 26 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6352 болып енгізілді
Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 27.11.2015 жылғы № 588 Бұйрығына сәйкес (30.10.2013 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Қаржы министрінің 01.08.2017 жылғы № 468 Бұйрығына сәйкес
Редакция 17.03.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 117-бабын іске асыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 12.09.2012 жылғы № 418 Бұйрығымен (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2013 жылдан бастап)
1-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 30.10.2013 жылғы № 501 Бұйрығымен (12.09.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.03.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 1-нысан «Бухгалтерлік баланс»;
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 2-нысан «Қаржылық қызмет нәтижелері туралы есеп»;
осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 3-нысан «Қаржыландыру көздері (тікелей әдіс) бойынша мемлекеттік мекеменің шоттарындағы ақша қозғалысы туралы есеп»;
осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес 4-нысан «Таза активтердің/капиталдың өзгерістері туралы есеп»;
осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес 5-нысан «Қаржылық есептілікке түсіндірме жазба»;
осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес 6-нысан «Қайта ұйымдастыру кезіндегі бухгалтерлік баланс»;
2) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидалары бекітілсін.
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 27.11.2015 жылғы № 588 Бұйрығына сәйкес (30.10.2013 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есептің, аудиторлық қызметтің әдістемесі департаменті (А.О. Төлеуов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрiнiң
2010 жылғы 8 шiлдедегi
№ 325 бұйрығына
1-қосымша
1-қосымша өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 12.09.2012 жылғы № 418 Бұйрығымен (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2013 жылдан бастап)
1-қосымша өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 30.10.2013 жылғы № 501 Бұйрығымен (12.09.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.03.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 27.11.2015 жылғы № 588 Бұйрығына сәйкес (30.10.2013 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 17.03.2017 жылғы № 178 Бұйрығына сәйкес (29.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелгеннен бастап өзгерту қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 22.04.2017 жылғы № 15030 болып тіркелді
 «___» ______________ жағдай бойынша
 бухгалтерлiк баланс
  Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi _____________________
  Мемлекеттiк мекеменiң атауы __________________________
Полная версия
ИС BestProfi