"Электрондық мемлекеттік қызметтің үлгі регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 қазандағы № 1116 қаулысының 2-тармағын іске асыру мақсатында, "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 29.11.2012
Электрондық мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 236 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде 2011 жылғы 15 тамызда № 7128 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Әділет министрінің 29.11.2012 жылғы № 389 Бұйрығына сәйкес
Редакция 28.03.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес "Туу туралы, некеге тұру туралы, некені бұзу туралы, әке болуды анықтау туралы, ұл/қыз асырап алу туралы, тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру туралы қайталама куәлікке өтініш беру" электрондық мемлекеттік қызмет регламенті;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес "Некеге тұруды тіркеу туралы өтініш беру" электрондық мемлекеттік қызмет регламенті;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес "Туу туралы, некеге тұру туралы, некені бұзу туралы, тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру туралы анықтама беру" электрондық мемлекеттік қызмет регламенті;
4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына "Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар беру" электрондық мемлекеттік қызмет регламенті;
5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес "Жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтамалар беру" электрондық мемлекеттік қызмет регламенті;
6) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес "Заңды тұлғалар" мемлекеттік деректер қорынан анықтама беру" электрондық мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасы М.И.Сексембаевқа жүктелсін.
3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Әділет министрі Р. Түсіпбеков
"Келісілді"
Қазақстан Республикасы Байланыс
және ақпарат министрі
________А. Жұмағалиев
2011 жылғы 11 шілде
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 236 бұйрығына 1-қосымша
Полная версия