Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдері аппараттарының нотариаттық іс-әрекеттер жасайтын лауазымды адамдарын аттестаттау туралы ереже
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 9 наурыздағы N 150 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1998 жылғы 14 наурызда тіркелді. Тіркеу N 483
Тақырыбының атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 20.04.2010 № 129 Бұйрығымен. Ережеде бүкіл мәтін бойынша «ҚР Әділет министрлігі», «аумақтық әділет органы» «аумақтық әділет органдарына», «аумақтық әділет органдарының», «аумақтық әділет органының», «аумақтық әділет органына» сөздер «әділет департаменті», «әділет департаменттеріне», «әділет департаменттерінің», «әділет департаментінің», «әділет департаментіне» сөздермен ауыстырылды ҚР Әділет министрінің 20.04.2010 № 129 Бұйрығымен. (04.11.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
1. Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдері аппараттарының нотариаттық іс-әрекеттер жасайтын лауазымды адамдарын аттестаттау туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) көрсетілген адамдарды аттестаттау тәртібін, шарттары мен мерзімдерін реттейді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 20.04.2010 № 129 Бұйрығымен. (04.11.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
2. "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабына сәйкес аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдері аппараттарының (бұдан әрі - "лауазымды адам") нотариаттық іс-әрекеттер жасауға және уәкілетті лауазымды адамы осы іс-әрекеттерді жасауға құқық алу үшін аттестациядан өтеді.
2-тармақ өзгертілді ҚР Әділет министрінің 20.04.2010 № 129 Бұйрығымен. (04.11.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Лауазымды адамдарды аттестациядан персоналдық құрамын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітетін аумақтық аттестация комиссиясы (бұдан әрі - "аттестациялық комиссия") өткізеді.
#$: 3-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 4 қарашадағы № 325 бұйрығымен.
4. Лауазымды адамдарды аттестациялау үшін сұрақтар тізбесінің жобасын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мемлекеттік және орыс тілдерінде жазады және бекітеді.
Аттестацияның сұрақтар тізбесі аумақтық әділет органдарының қол қоюымен аттестация басталардан кем дегенде 15 күн бұрын барлық аттестациядан өтуші лауазымды адамдарға тапсырылады.
10. Аттестациялық комиссияның мәжілісінде хаттама жүргізіледі. Хаттамада мәжілістің уақыты мен өтетін жері, комиссия құрамы, аттестацияланушының тегі, аты, әкесінің аты мен лауазымы, қабылданған шешім және аттестациялық комиссиясының кепілдемесі көрсетіледі.
14. Аттестацияланушыға нотариаттық іс-әрекеттер жасау құқығын беру туралы шешім аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдері аппараттарының уәкілетті лауазымды адамын белгіленген тәртіп пен мерзімдерде, бірақ кем дегенде екі жылдан аспайтын мерзімде кезекті аттестациядан өткізуге дейін нотариаттық іс-әрекеттер жасауға өкілеттік беретін жалғыз құжат болып табылады.
16. Лауазымды адамға нотариаттық іс-әрекеттер жасау құқығын беруден бас тарту туралы аттестациялық комиссияның шешімі жөнінде белгіленген заң тәртібімен шағымдануға болады.