Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 24.02.2016
Жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (мал союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектiлеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қарашадағы № 1444 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 24 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 30.01.2016 жылғы № 43 Қаулысына сәйкес
«Жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (жануарларды сою), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектiлеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.09.2015 жылғы № 7-1/832 Бұйрығын қараңыз
«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 18-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (мал союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектiлеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 13 қарашадағы
 № 1444 қаулысымен
 бекітілген
Жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (мал союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектiлеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар
1. Осы жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (мал союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектiлеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар (бұдан әрі – талаптар) «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 18-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының ветеринария, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (мал союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектiлеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды айқындайды.
2. Мал союды (малды сою алаңдарын қоспағанда), жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінің әкімшілігі «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындайтын өндірістік бақылау бөлімшелерін құрады.
3. Жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (мал союды), сақтауды және қайта өңдеуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне (бұдан әрі – өндіріс объектісі) «Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 қарашадағы № 1755 қаулысына сәйкес есептік нөмірлер беріледі.
4. Союға түсетін жануарлар, сондай-ақ қайта өңдеуге, сақтауға және өткізуге түсетін жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат олардың қауіпсіздігін, шығу тегін және сапасын растайтын ветеринариялық ілеспе құжаттармен сүйемелденеді.
5. Өндіріс объектілерін пайдалануға бергенде, сондай-ақ технологиялық жабдықтарды немесе желілерді орнатқанда және/немесе жаңа ет (сүт, балық) өнімдерінің жаңа түрлерін шығару кезінде объектіге Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген тәртіппен ветеринариялық-санитариялық қорытынды алу қажет.
2. Өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптар
Өндіріс объектілерінің аумағына қойылатын талаптар
6. Өндіріс объектілерінің аумағы тұтас қоршаумен қоршалады және бөгде адамдар мен қаңғыбас жануарлардың санкциясыз кіруіне жол берілмейді.
7. Кіреберіс жолдардың, көлік жүретін жолдар мен жаяу жүргіншілер жолдарының, тиеу-түсіру алаңдары мен өткелдердің су өткізбейтін, жууға және дезинфекциялауға қолайлы қатты жабыны болуға тиіс, атмосфералық, еріген және жуынды су кәрізге ағызылады.
8. Өндіріс объектілерінің аумағында ғимараттардың, құрылыстар мен қондырғылардың орналасуы:
1) шикізатты, дайын өнім мен қалдықтарды тасымалдау жолдарының;
Полная версия
ИС BestProfi