Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 17.05.2026
Банктік және сақтандыру холдингтерінің қаржылық есептілікті жариялау тәртібі мен мерзімдері туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 138 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 14 мамырда № 7648 тіркелді
Осы Қаулы күшін жойды 2026 жылғы 17 мамырдан бастап ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.04.2026 жылғы № 89 Қаулысына сәйкес
Редакция 28.01.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы, «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын банктік және сақтандыру холдингтері жыл сайын, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі - уәкілетті орган) жылдық қаржылық есептілікті ұсынғаннан кейін бір айдың ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында:
1-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 жылғы № 127 Қаулысына сәйкес (26.03.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.10.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1) еншілес ұйымдары жоқтары - аудиторлық ұйым растаған, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес келетін шоғырландырылмаған жылдық бухгалтерлік балансты, пайда мен шығындар туралы есепті, ақша қаражатының қозғалысы туралы есепті, капиталдағы өзгерістер туралы есепті, түсіндірме жазбаны және аудиторлық есепті;
2) еншілес ұйымдары барлары - аудиторлық ұйым растаған, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес келетін шоғырландырылған жылдық бухгалтерлік балансты, пайда мен шығындар туралы есепті, ақша қаражатының қозғалысы туралы есепті, капиталдағы өзгерістер туралы есепті, түсіндірме жазбаны және аудиторлық есепті жарияласын.
2. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ алынып тасталды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 жылғы № 23 Қаулысымен (30.05.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
03.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi