1. Қоса беріліп отырған Халыққа білікті медициналық көмек көрсету ережесі (бұдан әрі - Ережелер) бекітілсін.
Внимание! Документ утратил силу с 29.04.2010
Халыққа білікті медициналық көмек көрсету ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 23 қыркүйектегі N 701 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 9 қазанда тіркелді. Тіркеу N 2521
Күші жойылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.04.2010 № 311 бұйрығымен. (23.09.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
"Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру мақсатында Бұйырамын:
2. Облыстардың әрі Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының (департаменттерінің) бастықтары осы Ережені назарға және орындауға қабылдасын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі С.Ә.Диқанбаеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 23 қыркүйектегі N 701 бұйрығымен бекітілген
Халыққа білікті медициналық көмек көрсету ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Халыққа білікті медициналық көмек көрсету ережесі "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген.
2. Білікті медициналық көмек - азаматтарға ауырған кезде диагностиканың, емдеудің мамандандырылған әдістері мен күрделі медициналық технологияларды пайдалануды талап етпейтін дәрігерлік медициналық көмек көрсету.
3. Білікті медициналық көмекті меншік нысанына қарамастан, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілетін тиісті медициналық және дәрігерлік қызметке берілген лицензиялары бар емдеу-алдын алу ұйымдары көрсетеді.
4. Білікті медициналық көмек амбулаториялық-емханалық және стационарлық деңгейде көрсетіледі.
5. Науқасты тасымалдау мүмкін еместігін қоса алғанда, диагнозды сәйкестендірудегі қиындықтарда, сондай-ақ өзге де айғақтарда білікті медициналық көмек көрсетудің кез-келген деңгейінде аудандық, қалалық, облыстық және республикалық деңгейдегі тиісті мамандарды тарта отырып, консилиум ұйымдастырылады.
6. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінен тыс Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақылы негізде білікті медициналық көмек көрсетілуі мүмкін.
7. Білікті медициналық көмекті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті біліктілігі бар дәрігер көрсетуі керек.
8. Емдеу-алдын алу ұйымынан тыс шұғыл көмек көрсету қажеттігі кезінде білікті медициналық көмекті жедел медициналық жәрдем станциясының дәрігерлері көрсетеді.
9. Зерттеудің зертханалық әдістерін қоса алғанда, білікті медициналық көмектің көлемі Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органы бекіткен медициналық көмек көрсету кезеңдеріндегі диагностика мен емдеу хаттамаларымен (бұдан әрі - Хаттама) айқындалады.
2. Амбулаториялық-емханалық деңгейдегі білікті медициналық көмек көрсету
10. Халыққа амбулаториялық-емханалық деңгейдегі білікті медициналық көмекті жасөспірімдер кабинеттерін (бөлімшелерін) қоса алғанда, аудандық (орталық) ауруханалар жанындағы ауылдық дәрігерлік амбулаториялар, отбасылық дәрігерлік амбулаториялар, емханалар (консультациялар), балалар, әйелдер консультацияларын қоса алғанда, консультативтік-диагностикалық емханалар мен басқа да амбулаториялық-емханалық ұйымдар көрсетеді.
11. Халыққа амбулаториялық-емханалық деңгейдегі білікті медициналық көмек үйдегі стационар және күндізгі стационар принциптері бойынша көрсетілуі мүмкін.
12. Білікті медициналық көмек аумақтық принцип немесе дәрігерді еркін таңдау принципі бойынша жүзеге асырылады.
13. Науқасты стационарлық емдеуге жіберу кезінде амбулаториялық-емханалық ұйымның дәрігері, егер олар жасалған болса, науқастың толық диагнозы мен емдеуін көрсете отырып, ауруханаға жатқызу үшін жолдама береді.
14. Науқасты жоспарлы түрде емдеуге жіберген кезде пациентке амбулаториялық-емханалық ұйымның ауруханаға жатқызуға арналған жолдамасы мен Хаттамаға сәйкес жасалған зертханалық тексерудің нәтижесі беріледі.
15. Шұғыл көмек көрсету айғақтары бойынша науқасты ауруханаға жатқызу қажеттігі кезінде амбулаториялық-емханалық ұйымның жедел медициналық жәрдемімен немесе санитарлық автокөлігімен медицина қызметкерімен бірге пациентті стационарға жеткізеді.
16. Мамандандырылған медициналық көмек көрсету қажеттігі кезінде науқас белгіленген тәртіппен тиісті көп бейінді (мамандырылған) денсаулық сақтау ұйымына жіберіледі.
3. Стационарлық деңгейде білікті медициналық көмек көрсету
17. Стационарлық деңгейде халыққа білікті медициналық көмекті ауылдық учаскелік ауруханалар, аудандық (орталық, қалалық) ауруханалар, жұқпалы аурулар ауруханалар, перзентханалар мен басқа да медициналық ұйымдардың стационарлары көрсетеді.
18. Халыққа стационарлық деңгейде білікті медициналық көмек күндізгі стационар принципі бойынша көрсетілуі мүмкін.
19. Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мамандарының жолдамасы бойынша көрсетілетін стационарлық деңгейдегі білікті медициналық көмек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне енеді.
20. Науқастарды ауруханаға жатқызу, егер олар осы медициналық ұйымда болса, бөлімшелердің (төсек орнының) бейініне сәйкес жүргізіледі.
21. Дәрігердің қорытындысына сәйкес жеке күтуге мұқтаж үш жасқа дейінгі балалар, сондай-ақ жасы үлкен балалар осындай күтуді жүзеге асыру үшін аналарымен немесе басқа да жақын адамдарымен бірге ауруханаға жатқызылады.
22. Стационарлық емдеудедегі баланы күтуді жүзеге асыратын адам тегін жататын орынмен және тамақпен қамтамасыз етіледі.
23. Стационардан шыққан кезде пациенттің қолына шығару эпикризі беріледі, онда толық клиникалық диагнозы, Хаттамаға сәйкес жүргізілген тексерудің, емдеудің көлемі және одан әрі науқасты қадағалау жөніндегі ұсынымдар көрсетіледі.
Сонымен бірге, науқастың тұратын мекені бойынша амбулаториялық-емханалық ұйымға пациент туралы ақпарат беріледі.
24. Науқасқа мамандандырылған медициналық көмек көрсету қажеттігі кезінде ол белгіленген тәртіппен шығару эпикризімен тиісті көп бейіндегі (мамандандырылған) денсаулық сақтау ұйымына жіберіледі.
25. Шұғыл медициналық көмек көрсету қажеттігі кезінде науқас санитарлық авиацияны қоса алғанда, арнайы көлікпен тиісті көп бейіндегі (мамандандырылған) денсаулық сақтау ұйымына дәрігермен бірге жеткізіледі. Науқасты тасымалдау мүмкін болмаған жағдайда, аудандық, қажетіне қарай облыстық (республикалық) деңгейдегі тиісті мамандарды тарта отырып, консилиум жиналады.
Полная версия