«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 201-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 29.08.2015
Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 сәуірдегі № 442 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 29 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 636 Қаулысына сәйкес «Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 26.03.2015 жылғы № 207 Бұйрығын қараңыз
Редакция 24.04.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
2. Осы қаулы 2013 жылғы 10 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 сәуірдегі № 442 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 201-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік мүліктің тізілімін (бұдан әрі – тізілім) жүргізу тәртібін анықтайды.
2. Мемлекеттік мүлікті тізілімде есепке алу, тіркеу және ақпараттық мақсаттарды жүзеге асыруға арналған және оның құқық белгілеу немесе құқық куәландыру мәні жоқ.
3. Тізілім деректері мемлекетке тиесілі.
4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) аудандық уәкілетті орган – аудандық коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілеттік берілген, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;
2) бұйрық – тізілімде тіркелетін және есепке алу объектілері бойынша деректерді өзгертуге бағытталған іс-қимыл;
3) облыстық уәкілетті орган – облыстық коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілеттік берілген, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;
4) орындаушы – мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның (республикалық меншік бойынша) немесе облыстық (аудандық) уәкілетті органның (коммуналдық меншік бойынша) тізілімдегі бұйрықтың орындалуын жүзеге асыратын қызметкері;
5) тізілімнің веб-порталы – www.gosreestr.kz мекенжай бойынша Интернет желісінде орналасқан, тізілім деректеріне бірыңғай қол жеткізу нүктесін беретін интернет-ресурс;
6) тіркеуші – ұйымның немесе мемлекеттік заңды тұлғаның тізілімде бұйрықтарды тіркеу құқығы берілген уәкілетті тұлғасы;
7) ұйымдар – жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер;
Полная версия