«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 295-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 17.06.2015
Жиналмаған кемесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарларды кедендік декларациялау мен кедендік тазартудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 қазандағы № 1039 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 17.06.2015 жылғы № 449 Қаулысына сәйкес «Жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды кедендік декларациялау мен кедендік тазартудың кейбір мәселелері туралы» ҚР Қаржы министрінің 08.01.2015 жылғы № 9 Бұйрығын қараңыз
1. Қоса беріліп отырған:
1) Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша бір сыныптама коды көрсетіле отырып, белгіленген уақыт кезеңі ішінде өткізілетін жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарларды декларациялауға кеден органының рұқсат беру қағидасы;
2) Белгіленген уақыт кезеңі ішінде өткізілетін жиналмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарларды кедендік декларациялау және кедендік тазарту қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 қазандағы № 1039 қаулысымен бекітілген
Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша бір сыныптама коды көрсетіле отырып, белгіленген уақыт кезеңі ішінде өткізілетін жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарларды декларациялауға кеден органының рұқсат беру қағидасы 1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағида «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 295-бабына сәйкес әзірленді және Кеден одағы сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша бір сыныптама кодын көрсете отырып, белгіленген уақыт кезеңі ішінде өткізілетін жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарларды декларациялауға кеден органының рұқсат беру (бұдан әрі - рұқсат), оны ұзарту, тоқтата тұру немесе кері қайтару тәртібін айқындайды.
2. Жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауар (бұдан әрі - машина) деп кез келген тауарлар (тауарлар құрамасын қоса алғанда) жабдық, механизмдер, қондырғылар, аппараттар немесе Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы (бұдан әрі - КО СЭҚ ТН) бойынша 84, 85 немесе 90-тауар топтарында сыныпталатын өзге қондырғылар түсініледі.
3. Рұқсатты кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі (облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана) және кеден (бұдан әрі - кеден органы) декларанттың дәлелді жазбаша өтінішінің негізінде тауарды әкелгенге дейін береді.
2. Кеден органының рұқсатты беру тәртібі
4. Рұқсатты алу үшін декларант кеден органына еркін нысанда мынадай:
1) декларанттың атауы, орналасқан жері, сәйкестендіру нөмірі, есеп шоты ашылған банктің атауы мен заңды мекенжайы және шоттың нөмірі;
2) сыртқы сауда шартының (келісімшарт және оған (шарт лизингін қоса алғанда) қосымшалар) деректемелері және сыртқы сауда шартының ажырамас бөлігі болып табылатын ерекшеліктері (шарттың нөмірі, жасалған күні және оның қолданылу мерзімі, оған ерекшеліктердің нөмірі мен күні, шарттың жалпы сомасы, шарт бойынша жеткізу мен төлем шарттары және т.б.);
3) машинаның атауы және КО СЭҚ ТН бойынша сыныптама коды;
4) кедендік тазалау үшін машинаның барлық құрамдастарын бір уақытта декларациялаудың мүмкін болмау себептері;
5) машинаның барлық құрамдастарын жеткізу жүзеге асырылатын мерзім туралы мәліметтер көрсетілетін жазбаша өтініш береді.
Егер машинаны кедендік декларациялауды кедендік өкіл жүргізген жағдайда, өтініште тұлғаны кедендік өкілдер тізіліміне енгізуді растайтын мәліметтер көрсетіледі.
Полная версия