Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 03.02.2017
"Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 қыркүйектегі N 935 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 3 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 30.01.2017 жылғы № 29 Қаулысына сәйкес
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 14 қыркүйектегі
 № 935 қаулысымен
 бекітілген
«Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті 1. Қолданылу аясы
1. Осы «Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы » 2004 жылғы 9 қарашадағы және «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы » 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына (бұдан әpi - Заң) сәйкес әзірленген.
2. Осы Техникалық регламент балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне, оларды өндіру және айналымы үдерістеріне қойылатын талаптарды белгілейді және Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының (бұдан әpi - КО СЭК, ТН) 0402, 0406, 1103, 1602, 1604, 1704, 1806, 1901, 2005, 2007, 2008, 2009, 2104, 2201 тауар позициясына кіретін тамақ өнімдеріне қолданылады.
3. Осы Техникалық регламенттің талаптары:
жас балаларға арналған балалар тағамдарына;
диеталық және емдік-профилактикалық тағамдарға қолданылмайды.
4. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында азайтылуы қажет балалар мен жасөспірімдерге  арналған тамақ өнімдерінің тіршілік циклі үдерісінде туындайтын факторларға (тәуекелдерге) мыналар жатады: тамақ өнімдерінің жекелеген түрі үшін техникалық регламенттер немесе санитариялық ережелер талаптарымен белгіленген, құрамындағы уытты элементтердің, микоуыттардың, пестицидтердің, антибиотиктердің, радионуклидтердің, тағамдық қоспалардың, витаминдердің, микроэлементтердің және басқа да нормаланбайтын контаминанттардың артуы, өнімнің механикалық және микробиологиялық ластануы.
5. Мүмкін болатын тәуекелдер балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің тіршілік циклдерінің мынадай сатылары (үдерістері) кезінде туындайды:
балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау);
қоймаларды, өндірістік үй-жайларды, машиналарды, жабдықтарды, көлік құралдарын, қосалқы материалдарды дайындау;
өндіріске негізгі және қосымша шикі заттарды, оның ішінде тағамдық қоспаларды және ингредиенттерді қабылдау және дайындау;
балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерін өндіру (дайындау);
Полная версия
ИС BestProfi