Близость слов: Окончание:





Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсы туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы N 523 Жарлығы
Редакция 09.01.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстанның жеке кәсіпкерлік субъектілерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік принциптерін қалыптастыру мен ілгерлету және оларды осы саладағы ең үздік тәрбиені енгізуге ынталандыру мақсатында қаулы етемін:
1. 2008 жылдан бастап жыл сайын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсын белгіленсін. 
2. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссия құрылсын. 
1) Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсын өткізудің ережелері; 
2) Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін. 
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін. 
5. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
 2008 жылғы 23 қаңтардағы
 N 523 Жарлығымен
 бекітілген
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсын өткізудің ережелері
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 30.09.2019 жылғы № 177 Жарлығына сәйкес (01.06.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсы (бұдан әрі - конкурс) халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.
1-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 16.07.2010 жылғы № 1029 Жарлығымен (16.07.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.09.2010 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) жеке кәсіпкерлік субъектілерін өз қызметкерлері үшін, сол секілді тұтас алғанда қоғам үшін де әлеуметтік мәселелерді шешуге ынталандыру; 
2) осы саладағы қолда бар оң тәжірибені көрсету және кеңінен тарату. 
Жеке кәсіпкерлік субъектілері (бұдан әрі - үміткерлер) қатыса алатын конкурс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өткізіледі.
Мемлекеттiң акциялары, жарғылық капиталдарындағы қатысу үлесi 50 проценттен асатын ұйымдар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
1-тармақ төртінші бөлікпен толықтырылды ҚР Президентінің 30.09.2019 жылғы № 177 Жарлығына сәйкес (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi