«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 32-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес және денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерінің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын регламенттеуді реттеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 26 қарашадағы N 791 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 30 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5945 болып енгізілді
Осы редакция 24.08.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті (Н.Қ.Хамзина) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуін қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Бисмильдин Ф.Б.) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министрдің
міндетін атқарушы Б. Садықов
"Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
__________ Г. Әбдіқалықова
2009 жылғы 30 қараша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 791 бұйрығымен бекітілген
Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамалары
Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамалары (бұдан әрі - Сипаттамалар) денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымдық бөлімшелері туралы ережені, денсаулық сақтау қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлеудің, кадрларды таңдаудың және орналастырудың, оларды пайдаланудың тиімділігін бақылауды жүзеге асырудың, денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің атқарып отырған лауазымдарына сәйкестігіне аттестация жүргізудің негізі болып табылады.
Әр лауазымның біліктілік сипаттамалары мынадай үш бөлімнен тұрады: «Лауазымдық міндеттері», «Білуі керек», «Біліктілікке қойылатын талаптар».
Полная версия

