Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң заң жобалау қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 11 қыркүйек N 1376
Осы редакция 10.12.2002 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
Заң жобалау қызметiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының 
Үкiметi қаулы етеді:
     1. Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия 
мынадай құрамда құрылсын:
Мұхаметжанов                  - Қазақстан Республикасы
Бауыржан Әлімұлы                Премьер-Министрінің орынбасары,
                                Комиссияның төрағасы;
     
Ким                           - Қазақстан Республикасының
Георгий Владимирович            Әділет министрі, Комиссия төрағасының
                                орынбасары;
     
Ушуров                        - Қазақстан Республикасы
Игорь Арлиевич                  Премьер-Министрінің Кеңсесі
                                Заң бөлімінің меңгерушісі;
     
Дауылбаев                     - Қазақстан Республикасы Бас
Асхат Қайзоллаұлы               прокурорының орынбасары
                                (келісім бойынша);
Елубаев                       - Қазақстан Республикасының
Бауыржан Ысқақұлы               Ұлттық қауіпсіздік комитеті
                                төрағасының орынбасары
                                (келісім бойынша);
Қабденова                     - Қазақстан Республикасының
Мәриям Нұрымқызы                Парламенті Мәжілісінің
                                Аппараты Басшысының орынбасары
                                (келісім бойынша);
     
Әмрин                         - Қазақстан Республикасының
Ғұсман Кәрімұлы                 Қорғаныс вице-министрі;
Коржова                       - Қазақстан Республикасының
Наталья Артемовна               Қаржы вице-министрі
Әмрин                         - Қазақстан Республикасының
Асқар Кемеңгерұлы               Табиғи монополияларды реттеу,
                                бәсекелестікті қорғау және
                                шағын бизнесті қолдау
                                жөніндегі агенттігі төрағасының
                                орынбасары;
Тәжияқов                      - Қазақстан Республикасының
Бейсенғали Шамғалиұлы           Ұлттық Банк төрағасының
                                орынбасары (келісім бойынша);
     
Котлов                        - Қазақстан Республикасы Премьер-
Андрей Николаевич               Министрінің Кеңсесі Басшысының
                                орынбасары;
Андрющенко                    - Қазақстан Республикасының
Александр Иванович              Экономика және сауда бірінші 
                                вице-министрі";     
Нұрғалиева Еңлiк Нұрғалиқызы  - Қазақстан Республикасының Парламентi 
                                Сенатының Аппараты Құқықтық сараптама      
                                бөлiмiнiң меңгерушiсi (келiсiм
                                бойынша), Комиссия мүшесi;

     
Байжанов Ұлан Сапарұлы        - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк      
                                кiрiс вице-министрi, Комиссия мүшесi;
Нефедов Петр Петрович         - Қазақстан Республикасының Энергетика және 
                                минералдық ресурстар вице-министрi,        
                                Комиссия мүшесi;

     
Мұтанов                       - Қазақстан Республикасының Бiлiм
Ғалымқайыр Мұтанұлы             және ғылым бiрiншi вице-министрi
Мырзадинов                    - Қазақстан Республикасының Iшкi
Ерғали Серiкбайұлы              iстер вице-министрi
    
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.04.2001. № 430 , 27.09.2001. № 1256 , 20.02.2002. № 231 Р020231_, 03.04.2002. № 397  қаулыларымен.
1) Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы ереже; 
2) Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарында заң жобалау жұмысын ұйымдастыру ережесi бекiтiлсiн. 
3. Ағымдағы және перспективадағы заң жобалау жұмыстары жобаларының орындалуына жалпы бақылау Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне жүктелсiн. 
4. Уәкiлеттi мемлекеттiк органдар әр айдың 25-шi күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне заң жобаларының Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Парламентiнде өтуi туралы ақпаратты, сондай-ақ заң жобалау жұмыстарының орындалу барысы туралы есептi ұсынсын. 
5. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi: 
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен уәкiлеттi мемлекеттiк органдарының заң жобалау қызметiнің барысын ай сайын қорытындыласын, аса маңызды әлеуметтік-экономикалық заңдардың жай-күйiне шолуларды әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Үкiметiне жiберiп отырсын; 
уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың заң жобаларын әзiрлеу мерзiмдерiн бұзушылықтары туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне жедел хабарласын және анықталған тәртiп бұзушылықтарды жою жөнiндегі шараларды ұсынсын. 
6. Уәкiлеттi мемлекеттiк органдар Yкiметтiң Парламентке енгізген заң жобаларының мәтiндерiне заңның тұжырымдамасымен, оның құқықтық мазмұнын өзгертумен байланысты және мемлекеттiк кiрiстердi азайтуды немесе мемлекеттiк шығыстарды ұлғайтуды көздейтiн өзгерiстер мен толықтыруларды Yкiметпен келiспей енгiзудi болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi Регламентiнiң 40-1-тармағының талаптарын қатаң орындауды қамтамасыз етсiн. 
7. Қазақстан Республикасы Yкiметiнің Парламенттегi Өкiлдiгi
Премьер-Министрдi, оның орынбасарлары мен Премьер-Министр Кеңсесiнің 
Басшысын Қазақстан Республикасының Үкiметi енгiзетiн заң жобаларының және 
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қызметiне қатысы бар Қазақстан 
Республикасының Парламентi қарайтын басқа да мәселелердің өту процесi 
туралы тұрақты хабардар етсiн.
     8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
                                             Қазақстан Республикасы
                                                   Үкiметiнiң
                                           2000 жылғы 11 қыркүйектегі
                                               N 1376 қаулысымен
                                                  бекiтiлген
               Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi
                   ведомствоаралық комиссия туралы
                            ЕРЕЖЕ
                       1. Жалпы ережелер
1. Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасының Yкiметi жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. 
2. Комиссия қызметiнiң басты мақсаты Республиканың қолданыстағы заңнамасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және уәкiлеттi мемлекеттiк органдарының заң жобалау қызметiн жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды жасаудан тұрады.  
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.06.2002. № 690 (14.06.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын , "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңын , өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. 
Полная версия
ИС BestProfi