Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 22 ақпандағы № 14 бұйрығы.
Атау өзгертілді ҚР Әділет министрінің 27.02.2013 жылғы № 66 Бұйрығымен (18.04.2005 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.03.2016 жылы № 42 (28168) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 4-тармағын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе өзгертілді ҚР Әділет министрінің 27.02.2013 жылғы № 66 Бұйрығымен (18.04.2005 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.03.2016 жылы № 42 (28168) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы нұсқаулық бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Әділет министрінің 27.02.2013 жылғы № 66 Бұйрығымен (18.04.2005 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.03.2016 жылы № 42 (28168) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы нұсқаулық
Нұсқаулық өзгертілді ҚР Әділет министрлігінің 24.08.1999 жылғы № 66 бұйрығымен.
Нұсқаулық өзгертілді ҚР Әділет министрлігінің 14.12.2004 жылғы № 361 бұйрығымен
Нұсқаулық өзгертілді ҚР Әділет министрінің 2005 жылғы 18 сәуірдегі № 110 Бұйрығымен
Нұсқаулық өзгертілді ҚР Әділет министрінің 27.02.2013 жылғы № 66 Бұйрығымен (18.04.2005 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.03.2016 жылы № 42 (28168) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Нұсқаулық өзгертілді ҚР Әділет министрінің 19.11.2013 жылғы № 11-04-07/и-4008 Бұйрығымен (27.02.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (жарияланбаған)
Нұсқаулық өзгертілді ҚР Әділет министрінің 28.05.2015 жылғы № 299 Бұйрығымен (19.11.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.08.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Нұсқаулық жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 29.01.2016 жылғы № 55 Бұйрығына сәйкес (28.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
Нұсқаулық өзгертілді ҚР Әділет министрінің 26.04.2017 жылғы № 466 Бұйрығымен (29.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Нұсқаулық өзгертілді ҚР Әділет министрінің 11.09.2018 жылғы № 1380 Бұйрығымен (26.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Нұсқаулық жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің м.а. 28.05.2020 жылғы № 65 Бұйрығына сәйкес (11.09.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы осы нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» 1998 жылғы 30 маусымдағы № 254 Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабына сәйкес әзірленген және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.
Нұсқаулық Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қолдануына жатады, заңнамаға сәйкес оған жылжымалы мүлік кепілінің жекелеген түрлерін тіркеу жүктелген.
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 23.02.2024 жылғы № 159 Бұйрығына сәйкес (04.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) көрсетілетін қызметті алушы (уәкілетті өкіл) – көрсетілетін қызметті алушыға кепілді тіркеу туралы өтінішті беретін тұлға; кепіл міндеттемесі тараптарының келісімі бойынша кепіл беруші, сол сияқты кепіл ұстаушы өтініш беруші бола алады;
3) жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі – жылжымалы мүлік кепілі ақпаратына қол жеткізудің, жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге электрондық нысанда өтініш жіберудің бірыңғай терезесін және көрсетілетін қызметті берушінің осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен жасалатын өзге де әрекеттерін білдіретін ақпараттық жүйе (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесі);
4) жылжымалы мүлiк – көлiк құралдарын, айналымдағы тауарларды, бағалы қағаздарды, ақшаны, мүлiктiк құқықтарды, оның iшiнде болашақтағы өнiмге және өзге де мүлiкке құқықты қоса алғанда, жылжымайтын мүлiкке жатпайтын мүлік;
5) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу – жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiне кепіл туралы шарттағы немесе кепiл талаптары қамтылған өзге де шарттағы мәлiметтердi енгiзу жөнiнде жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу кезiнде туындайтын қатынастарға қатысушылар әрекеттерінің жиынтығын, жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiк берудi және көрсетілетін қызметті беруші осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерінде белгiленген тәртiппен жасалатын өзге де әрекеттерін бiлдiретiн, көрсетілетін қызметті берушінің жылжымалы мүлiк кепiлiн есепке алу рәсiмi;
6) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiк – көрсетілетін қызметті берушінің өтiнiш берушіге беретiн және жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу фактiсiн растайтын құжат;
7) жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмi (кепiл тiзiлiмi) – көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асыратын ақпаратты есепке алу және сақтау жүйесi;
8) кепілді электрондық тіркеу – жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық нысандағы өтініш негізінде жүзеге асырылатын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу;
3. Осы Нұсқаулықтың күші міндетті мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге, сондай-ақ тіркелуін Заңға сәйкес өзге де уәкілетті органдар жүзеге асыратын жылжымалы мүлік кепілінің жекелеген түрлерін тіркеуге қолданылмайды.