Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 20.10.2017
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Астананың сәулет кеңесі туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 12 қарашадағы N 434 Жарлығы
Осы Жарлық күшін жойды ҚР Президентінің 20.10.2017 жылғы № 568 Жарлығына сәйкес
Редакция 14.03.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында және республикалық баспасөзде жариялануға тиіс
"Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Президенті жанынан Астананың сәулет кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2007 жылғы 12 қарашадағы
N 434 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Астананың сәулет кеңесінің ҚҰРАМЫ
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 13.11.2012 жылғы № 427 Жарлығымен (13.03.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 27.04.2013 жылғы № 533 Жарлығымен (13.11.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 12.02.2014 жылғы № 750 Жарлығымен (24.07.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 11.04.2014 жылғы № 795 Жарлығымен (12.02.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 17.09.2014 жылғы № 911 Жарлығымен (11.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 09.06.2016 жылғы № 275 Жарлығымен (17.09.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 07.09.2016 жылғы № 316 Жарлығымен (09.06.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 14.03.2017 жылғы № 446 Жарлығымен (07.09.2016 ж. редакцияны қараңыз)

Назарбаев

Нұрсұлтан Әбішұлы

-

Қазақстан Республикасының Президенті, төраға

Сағынтаев

Бақытжан Әбдірұлы

-

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төрағаның орынбасары

Исекешев

Әсет Өрентайұлы

-

Астана қаласының әкімі, төраға орынбасары

Қожамжаров

Қайрат Тоқтарұлы

-

«Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі бастығының міндетін атқарушы, хатшы

Мамин

Асқар Ұзақбайұлы

-

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары

Сүлейменов

Тимур Мұратұлы

-

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Қасымбек

Жеңіс Махмұдұлы

-

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі

Жүнісов

Сәрсембек Ендібайұлы

-

"Астанабасжоспар" ғылыми-зерттеу жобалау институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша)

Шетелдік тараптан Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі бойынша Кеңес құрамына бес шетелдік сәулетші тартылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2007 жылғы 12 қарашадағы
N 434 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Астананың сәулет кеңесі туралы ЕРЕЖЕ
1. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Астананың сәулет кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) астананың аумағын дамыту мен құрылысын салу бас жоспарының мәселелерін жалпы үйлестіру үшін тұрақты жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Кеңестің қызметін қамтамасыз етуді Кеңестің жұмыс органы жүзеге асырады.
4. Астана қаласының жергілікті атқарушы органы Кеңестің жұмыс органы (бұдан әрі - Кеңестің жұмыс органы) болып табылады.
1) астананың аумағын дамыту мен құрылысын салу бас жоспарының мәселелерін жалпы үйлестіру, қала құрылысы кеңістігін дамытудың нақты кезеңдерінің тұжырымдық міндеттерін қарау; 
2) астананың құрылысын салу мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық базаны жетілдіру және қала құрылысы қызметін дамыту мен астана аумағында құрылыс салу бағыттары жөнінде ұсыныстар әзірлеу; 
3) сәулет және қала құрылысы саласындағы соңғы әлемдік жетістіктерді зерделеуді және пайдалану мүмкіндігін ескере отырып, сәулет, қала құрылысы және астананы салу саласындағы бағдарламаларды әзірлеу, Астана қаласын салудың осы заманғы тәжірибесін енгізу жөнінде ұсынымдар дайындау болып табылады.
6. Кеңестің өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін: 
1) өз құзыреті шеңберіндегі мәселелер бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар енгізуге; 
2) консультациялар өткізуге, мемлекеттік органдар мен ұйымдардан ақпарат сұратуға және алуға; 
3) проблемалық мәселелерді талқылауға қатысу үшін тиісті мамандар мен ғалымдарды тартуға құқығы бар.
4. Кеңестің құрамы және оның қызметін ұйымдастыру
7. Қазақстан Республикасының Президенті Кеңес төрағасы болып табылады.
1) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі; 
2) Астана қаласының әкімі Кеңес төрағасының орынбасарлары болып табылады.
9. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, астана әкімдігінің өкілдері, отандық және шетелдік сәулетшілер Кеңестің тұрақты мүшелері болып табылады.
10. Кеңестің жоспарлы отырыстары жылына бір рет өтеді.
10-тармақ  өзгертілді ҚР Президентінің 19.03.2010 жылғы № 952 Жарлығымен (22.05.2009 ж. редакцияны қараңыз)
11. Кеңестің кезектен тыс отырысы қарауға ұсынылатын мәселелердің тізбесін көрсете отырып, Кеңес төрағасының тапсырмасы бойынша шақырылады.
12. Кеңес шешімдері отырысқа қатысқан оның мүшелеріне жазбаша сауал қою жолымен олардың көпшілік дауысымен қабылданады. Талқыланатын мәселе бойынша дауыстар тең болған жағдайда Кеңес төрағасының немесе оны алмастыратын тұлғаның дауысы шешуші болып табылады.
13. Кеңес отырыстарының қорытындылары бойынша хаттамамен ресімделетін шешімдер қабылданады.
1) Кеңес отырыстарының өткізілуін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді; 
2) Кеңес мүшелерінің ұсыныстары мен олар бұрын қабылдаған шешімдер негізінде Кеңес отырысы күн тәртібінің жобасын қалыптастырады; 
3) Кеңестің хаттамалық шешімдерінің орындалу мониторингін жүзеге асырады; 
4) Кеңес мүшелерін Кеңес отырысы өтетін орын, уақыт және оның күн тәртібі туралы хабардар етеді және оларды қажетті материалдармен уақытылы қамтамасыз етеді; 
5) Кеңестің шешімдері қабылданған күннен бастап үш күн ішінде Кеңес мүшелеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға хаттаманың көшірмесін және өзге де қажетті материалдарды жібереді; 
6) Қазақстан Республикасының Президентіне Кеңестің құрамы жөнінде ұсыныстар қалыптастырады.
Полная версия
ИС BestProfi