Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.01.2017
Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 қазандағы № 1069 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 13 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы № 901 Қаулысына сәйкес
«Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.10.2015 жылғы № 1024 Бұйрығын қараңыз
Редакция 30.12.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 21) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу қағидасының 2011 жылғы 27 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 7-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі                               К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 18 қазандағы
№ 1069 қаулысымен
бекітілген
Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу қағидасы
Қағида өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.12.2013 жылғы № 1426 Қаулысымен (21.05.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Осы Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 21) тармақшасына, Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның (Чикаго, 1944 ж.) 6-қосымшасына сәйкес әзірленді және пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу тәртібін айқындайды.
1. Осы Қағидада мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) өтінім – өтініш берушінің сертификаттау рәсімінен өту үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға жазбаша өтініші;
2) өтініш беруші – авиациялық жұмыстарды орындауға куәлік алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға өтініш берген жеке немесе заңды тұлға;
3) сертификаттық тексеру – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асыратын өтініш беруші құралдарының, жабдықтарының, пайдалану рәсімдерінің, технологиялық процестерінің, құжаттамасының, ұйымдық құрылымының, әкімшілік, ұшу және жердегі персоналы құзыретінің сертификаттау талаптарына сәйкестігін тексеру;
4) сертификаттық талаптар – азаматтық авиацияны сертификаттау саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптар;
5) ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқау – ұшу тәртібін, ұйымдастырылуын, қамтамасыз етілуін және орындалуын регламенттейтін құжат;
6) техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушы нұсқауы – аталған пайдаланушының әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бойынша барлық жоспарлы және жоспарлы емес жұмыстарын уақтылы және қанағаттанарлық орындалуын басқару мүмкіндігін қамтамасыз ететін пайдаланушы рәсімдерінің сипатын қамтитын құжат;
7) авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлік – пайдаланушының осы Қағиданың талаптарына және сертификаттық талаптарға сәйкестігін куәландыратын, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган берген құжат;
8) техникалық қызмет көрсету бағдарламасы – техникалық қызмет көрсету бойынша нақты жоспарлы жұмыстардың сипатын және оларды орындау мерзімділігін, сондай-ақ сол әуе кемелеріне қатысты пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті олармен байланысты рәсімдерді қамтитын құжат.
3. Авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлік үш жыл мерзімге беріледі және оны басқа тұлғаға беруге болмайды.
Полная версия
ИС BestProfi