Близость слов: Окончание:





Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына тарифтерді жеке тұлғалардың оны тұтыну көлеміне қарай саралау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 20 ақпандағы N 57-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 20 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5602 болып енгізілді.
Атау өзгертілді ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 30.06.2014 жылғы № 148-НҚ Бұйрығымен (26.06.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.08.2014 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 29.12.2017 жылғы № 445 Бұйрығына сәйкес (31.01.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Редакция 03.09.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса беріліп отырған Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына тарифтерді жеке тұлғалардың оны тұтыну көлеміне қарай саралау қағидалары бекітілсін
1-тармақ өзгертілді ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 30.06.2014 жылғы № 148-НҚ Бұйрығымен (26.06.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.08.2014 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 29.12.2017 жылғы № 445 Бұйрығына сәйкес (31.01.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеу департаменті (А.В. Шкарупа) осы бұйрықты заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін. 
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Е.О. Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін: 
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін; 
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін. 
4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің аумақтық органдары екі апта мерзім ішінде асыра пайдаланғаны үшін ең жоғары тариф бойынша ақы алынатын электр энергиясын тұтынудың шамасын анықтасын. 
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Қ.М. Смағұловқа жүктелсін. 
6. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн аяқталған соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Табиғи монополияларды
 реттеу агенттігі төрағасының
 2009 жылғы 20 ақпандағы
 N 57-НҚ бұйрығымен
 бекітілген
Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына  тарифтерді жеке тұлғалардың оны тұтыну көлеміне қарай саралау қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 15.04.2009 жылғы № 123-НҚ Бұйрығымен (20.02.2009 ж. редакцияны қараңыз)
Қағидалар өзгертілді ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 31.07.2009 жылғы № 265-НҚ Бұйрығымен (15.04.2009 ж. редакцияны қараңыз)
Қағидалар өзгертілді ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 08.02.2011 жылғы № 47-НҚ Бұйрығымен (31.07.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.05.2011 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 12.09.2012 жылғы № 232-НҚ Бұйрығымен (07.11.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.11.2012 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 26.06.2013 жылғы № 185-НҚ бұйрығымен (12.09.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 02.11.2013 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 30.06.2014 жылғы № 148-НҚ Бұйрығымен (26.06.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.08.2014 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 02.09.2016 жылғы № 394 Бұйрығына сәйкес (30.06.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.10.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 29.12.2017 жылғы № 445 Бұйрығына сәйкес (31.01.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Осы Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына тарифтерді жеке тұлғалардың оны тұтыну көлеміне қарай саралау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 124-5-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларына және «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына тарифтерді жеке тұлғалардың оны тұтыну көлеміне қарай саралау тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.08.2022 жылғы № 56 Бұйрығына сәйкес (14.06.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:
1) босату тарифі – энергиямен жабдықтаушы ұйым электр энергиясын өткізу үшін қолданылатын тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) бағасы;
2) ең жоғары тариф – жеке тұлғалар үшін электр энергиясын тұтыну шамасынан тыс тұтынылатын электр энергиясына тариф;
3) ең төмен тариф – жеке тұлғалар үшін электр энергиясын тұтыну шамасы шегінде тұтынылатын электр энергиясына тариф;
Полная версия
ИС BestProfi