«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 19.09.2015
"Инфекциялық аурулардың (обаның, тырысқақтың) алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қаңтардағы № 32 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 19 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.09.2015 жылғы № 754 Қаулысына сәйкес "Инфекциялық аурулардың (обаның, тырысқақтың) алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" ҚР Ұлттық экономика министрінің 25.02.2015 жылғы № 131 Бұйрығын қараңыз
1. Қоса беріліп отырған «Инфекциялық аурулардың (обаның, тырысқақтың) алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қаңтардағы № 32 қаулысымен бекітілген
«Инфекциялық аурулардың (обаның, тырысқақтың) алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Инфекциялық аурулардың (обаның, тырысқақтың) алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) инфекциялық аурулардың (обаның, тырысқақтың) алдын алу, обаның және тырысқақтың эпидемиялық ошақтарында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Обаға қарсы ұйымдар, ал олар болмаған жағдайда – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның тиісті аумақтардағы аумақтық бөлімшелері аумақтық медициналық ұйымдарға консультациялық-әдістемелік көмекті жүзеге асырады.
3. Санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялау құралдары (дезинфектанттар, инсектицидтер, родентицидтер) пайдаланылады.
4. Осы Санитариялық қағидалардың орындауын бақылауды Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.
5. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылды:
1) алдын алу іс-шаралары – профилактикалық іс-шаралар;
2) аса қауіпті инфекциялар – өлім-жітім жоғары болып (эпидемиялық белең алулар мен эпидемиялар), адамдардың көпшілігіне тез таралатын және жұғатын, адамнан адамға берілетін ауру;
3) бактериологиялық мониторинг – халық арасында және сыртқы ортаның объектілерінде тырысқақ вибрионының пайда болуын уақтылы айқындау мақсатында бактериологиялық зертханалық бақылау жүйесі;
4) далалық материал – қоздырғыштың айналымын анықтау мақсатында оларға зертханалық зерттеу жүргізу үшін алынған қоршаған ортаның объектілері, зооноздық инфекциялардың қоздырғыштарын тасымалдаушылар мен таратушылар;
5) дезинсекция – жәндіктерді және басқа да буынаяқтыларды жою;
6) дератизация – кеміргіштерді жою;
Полная версия