Близость слов: Окончание:





Шетелдiң заңгерлiк фирмаларын тарту практикасын реттеу және Қазақстан Республикасының Үкiметi мен бюджеттiк ұйымдарына консультациялық қызметтер көрсету жөнiндегi шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 7 тамыздағы N 982       
Редакция 08.06.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен бюджеттiк ұйымдарына құқықтық консультациялық көмек көрсету мәселелерi бойынша шетелдiң заңгерлiк фирмаларымен шарттар /контрактiлер/ жасасу практикасын реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
1. Қазақстан Республикасының Үкiметi, министрлiктерi және ведомстволары құқықтық консультациялық көмек көрсетуге, сондай-ақ басқа да мемлекеттердiң соттарында немесе өзге органдарында мүдделердi бiлдiруге шетелдiң заңды тұлғаларымен жасасатын барлық шарттар (келісімшарттар) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне алдын ала сараптауға ұсынылуы тиiс деп белгiленсiн.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 08.06.2017 жылғы № 350 Қаулысына сәйкес (07.08.1996 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Жоғарыда аталған шарттарды /контрактiлердi/ жасасу туралы келiссөздердi жүргiзу жөнiндегi делегациялардың құрамына Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң өкiлдерi кiруi тиiс деп айқындалсын.
Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi
Полная версия
ИС BestProfi