Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерінiң, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының вексельдерді есепке алуы қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 15 қараша N 396 Қаулысы
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 жылғы № 246 Қаулысына сәйкес (13.05.2005 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.12.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.11.2021 жылғы № 99 Қаулысына сәйкес (29.10.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.12.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі екінші абзацының 21) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.11.2021 жылғы № 99 Қаулысына сәйкес (29.10.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.12.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚРҰлттық Банкі Басқармасының 17.12.2025 жылғы № 94 Қаулысына сәйкес (22.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерінiң, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының вексельдерді есепке алуы қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 жылғы № 246 Қаулысына сәйкес (13.05.2005 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.12.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.11.2021 жылғы № 99 Қаулысына сәйкес (29.10.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.12.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің вексельдер есебін жүргізу ережесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің вексельдер есебін жүргізу ережесін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарына жіберсін.
3. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің вексельдер есебін жүргізу ережесі Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1995 жылғы 18 мамырдағы N 17 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы вексельдік есеп айырысу жүйесі туралы уақытша ереженің күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерінiң, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының вексельдерді есепке алуы қағидалары
Осы Ереженің тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 жылғы № 246 Қаулысына сәйкес (13.05.2005 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.12.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Ереженің тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.11.2021 жылғы № 99 Қаулысына сәйкес (29.10.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.12.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерінiң, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының вексельдерді есепке алуы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі екінші абзацының 21) тармақшасына сәйкес әзірленді және онда Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің және Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының (бұдан әрі – банктер) вексельдерді есепке алу тәртібі айқындалады.
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 13 мамырдағы № 61 қаулысымен.
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 жылғы № 246 Қаулысына сәйкес (13.05.2005 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.12.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.11.2021 жылғы № 99 Қаулысына сәйкес (29.10.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.12.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚРҰлттық Банкі Басқармасының 17.12.2025 жылғы № 94 Қаулысына сәйкес (22.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 жылғы № 246 Қаулысына сәйкес (13.05.2005 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.12.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) қайта тапсырылатын индоссамент - вексель ұстаушы жазған және вексель бойынша кейбiр құқықтарды индоссант белгiлеген шектерде қайта ауыстыру мақсатын көздейтiн вексельдегi жазу;
4) вексельдi өтеу - вексель ұстаушы қандай болсын мiндеттемелердi төлеушiнiң орындауын талап ету құқығына ие болатын вексель ұстаушының вексельде төлеушi ретiнде көрсетiлген адаммен қарым-қатынас қалыптастыруы. Мұндайда, мiндеттеменiң сомасы вексель бойынша төлем сомасынан төмен болмауы тиiс;