Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 14.04.2010
Қазақстан Республикасында сауда мақсатында теңізде жүзуді дамыту тұжырымдамасы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 21 ақпан N 267
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 14.04.2010 № 302 Қаулысымен. (21.02.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасында сауда мақсатында теңізде жүзуді дамыту және 
теңіз қатынасы саласында сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту 
мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында сауда мақсатында 
теңізде жүзуді дамыту тұжырымдамасы мақұлдансын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі
                           Қазақстан Республикасының
                   Көлік және коммуникациялар министрлігі
     
                           Қазақстан Республикасында 
                   сауда мақсатында теңізде жүзуді дамыту 
                                 Тұжырымдамасы 
     
                                1. КIРIСПЕ
Қазақстан рыногының экспорттық-импорттық әлеуетi республиканың сыртқы экономикалық қызметiн қамтамасыз етуде басты рөл атқарады және Қазақстан Республикасында сауда мақсатында теңiзде жүзудi дамытуға жәрдемдеседi. 
Жүзжылдықтың басында негiзгі қаржы және тауар ағыны негізгi жүк жасаушы Оңтүстiк-Шығыс Азия елдерi - Қытай және Жапония арқылы АҚШ- Еуропа-Азия үшбұрышында шоғырлану болжамын назарға ала отырып, Қазақстан Республикасында сауда мақсатында теңiзде жүзудi дамыту Қазақстанның өзiнiң географиялық орналасуын дүниежүзілiк экономиканың жоспарлы дамуы тұрғысынан келешектi iске асыра алуына байланысты болады. 
Қазақстан Республикасының экономикасында экспорт-импортқа бағытталған жүк базасының едәуiр бөлiгiн тиiстi кәсiпорындар арқылы қамтамасыз ететiн кен өндiру, металлургия және химия өнеркәсiбiнiң, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң жүк жасаушы салалары басым. 
Қазақстанның өз теңiз флотын құру таза экономикалық мiндет қана емес, сондай-ақ оның үлкен саяси және стратегиялық мәнi де бар. "Өзен-теңiз" сыныпты кемелерiн сатып алу және одан әрi пайдалану Қазақстанды Каспий аймағында да, Қара теңiз және Жерорта теңiзi бассейндерi аймақтарында да тиiмді позицияларға шығарады. 
Аралас жүзу кемелерiмен тiкелей аялдаусыз тасымалдар Каспий мұнай транзитi үшiн баламалы нұсқалар болып табылады, сондай-ақ Каспий аймағының елдерiнен/елдерiне жүктердi әкету/әкелу геокөлiк мәселесiн шешуге жәрдемдеседi. 
Теңiз көлiгiнiң қызмет етуi тасымал процесiнiң барлық қатысушысының өзара қарым-қатынасын, жүзу қауiпсiздiгiн және қоршаған ортаны қорғауды, сондай-ақ республиканың сауда мақсатындағы кеме қатынасы саласындағы халықаралық ынтымақтастығын реттейтiн Қазақстандағы нормативтiк құқықтық негiзiнiң дамуына және үйлесiмдiгiне бiршама дәрежеде байланысты. 
Сауда мақсатында теңiзде жүзудiң дамуы республиканың экспорттық-импорттық көлiктiк мүмкiндiктерiнiң iске асуына және дүниежүзілiк өндiрiсте өз орнын анықтауға, сондай-ақ халықаралық еңбек бөлiнiсiндегi тиiмділiктi пайдалануға көмектеседi. 
Жоғарыда баяндалғандар осы тұжырымдаманы әзiрлеу шарты болды. 
Осы тұжырымдаманың мақсаты Қазақстан Республикасында алыс және таяу шет елдермен теңiз қатынасында сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту үшiн қажеттi сауда мақсатында теңiзде жүзудi құруға және дамытуға негiзгi көзқарастарды анықтау болып табылады. 
Көрсетiлген мақсатқа жету төменде аталған мәселелердi шешудi талап етедi: 
1. Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы заңын қабылдау. 
2. Каспий теңiзiнiң мәртебесi туралы шешiм қабылдау. 
3. Теңiз көлiгi саласында нормативтiк құқықтық негiз жасау. 
4. Бар нормативтiк құқықтық кесiмдердi халықаралық кесiмдерге сәйкес келтiру. 
5. Мыналарды қамтитын Қазақстан Республикасында сауда мақсатында теңiзде жүзудi дамыту бағдарламасын әзiрлеу және қабылдау: 
1) кеме иеленетiн мемлекеттiк немесе жеке меншiк не бiрлескен кеме қатынасы компанияларын құру жөнiнде нақты iс-шаралар; 
2) Ақтау және Баутин теңiз сауда порттарының, сондай-ақ Атырау сағалық портының қуаттарын келешектi дамыту жөнiнде ұсыныстар; 
Полная версия
ИС BestProfi