1. Қазақстан Республикасы Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң "Оңтүстiк" арнайы экономикалық аймағының дирекциясы" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) құрылсын.
"Оңтүстiк" арнайы экономикалық аймағын құру жөнiндегi шұғыл шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 шілдедегі N 770 Қаулысы
Редакция 29.11.2005 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Оңтүстiк" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 6 шiлдедегi N 1605 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
2. Мекеме қызметiнiң негiзгi мәнi "Оңтүстiк" арнайы экономикалық аймағын (бұдан әрi - "Оңтүстiк" АЭА) басқару жөнiндегi функцияларды жүзеге асыру болып белгiленсiн.
3. Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмiне "Оңтүстiк" АЭА-ны құруға және Мекеменiң қызметiн қамтамасыз етуге, инфрақұрылым объектiлерiн салуға, сондай-ақ өзге де күтпеген шығыстарға 2005 жылға арналған республикалық бюджетте кезек күттірмейтiн шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнің резервiнен 300000000 (үш жүз миллион)) теңге бөлiнсiн.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.11.2005. № 1171 қаулысымен. (22.07.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi:
1) Мекеменiң жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) Мекемеге жалпы алаңы 200 (екi жүз) гектар жер бөлудi белгiленген тәртiппен жүзеге асырсын;
3) екi ай мерзiмде:
"Оңтүстiк" АЭА-ны дамытудың 2005-2015 жылдарға арналған бағдарламасын;
ЕурАзЭҚ сыртқы экономикалық қызметiнiң тауар номенклатурасына сәйкес "Оңтүстік" АЭА-ны құру мақсатына жету үшiн қажеттi тауарлар номенклатураларын;
"Оңтүстiк" АЭА-ны құру мақсатына сәйкес келетiн қызмет түрлерi бойынша жұмыстар мен қызметтердiң тiзбесiн бекiту туралы шешiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн;
4) 2005 жылғы 1 қыркүйекке дейiн "Оңтүстiк" АЭА-ның аумағы қоршауының құрылысын аяқтасын және Мекеменiң әкiмшiлiк ғимаратының құрылысына кiрiссiн;
5) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Полная версия