Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 06.06.2006 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 1999 жылғы 20 наурыз N 88
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:
1) Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы ереже (N 1 қосымша); 
2) Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің құрамы (N 2 қосымша).
2. "Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 22 қарашадағы N 3237  Жарлығының  күші жойылған деп танылсын.  
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 20 наурыздағы N 88 Жарлығына N 1 қосымша Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы Ереже
1. Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі (бұдан былай - Қауіпсіздік Кеңесі) Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының қорғаныс қабілеті мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мемлекеттік егемендігін, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын сақтау, елдегі әлеуметтік-саяси тұрақтылықты ұстап тұру, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі Мемлекет басшысының шешімдерін әзірлеу және өкілеттігін іске асыруына жәрдемдесу үшін Қазақстан Республикасының Президенті құратын консультативтік-кеңесші орган болып табылады. 
2. Қауіпсіздік Кеңесі қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары, сондай-ақ осы Ереже құрайды. 
II. Қауіпсіздік Кеңесінің негізгі міндеттері
3. Қауіпсіздік Кеңесінің негізгі міндеттері мыналар:  
1) мемлекеттік мүдделер аясын, оларды іске асыру мен қорғаудың негізгі бағыттарын айқындау, ұлттық қауіпсіздікке ішкі және сыртқы қатерлерді анықтау, олардың алдын алудың, жолын кесудің және тойтарудың әдістерін, нысандары мен құралдарын таңдау;  
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі тұжырымдамасын, елдің қауіпсіздігі стратегиясының негізгі бағыттарын әзірлеу және оны қамтамасыз етудің мемлекеттік бағдарламаларын дайындауды ұйымдастыру;  
3) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ішкі, сыртқы және әскери саясат мәселелері бойынша шешімдер қабылдау үшін және осы шешімдерді іске асыру шаралары, сондай-ақ жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру жөнінде Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныстар мен ұсынымдар енгізу;  
4) ұлттық қауіпсіздік саласында Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және олардың күшін жою жөнінде ұсынымдар дайындау болып табылады. 
Полная версия
ИС BestProfi