Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңының 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 11.04.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуының жылдық, орта мерзімді, ұзақ мерзімді бағдарламаларын, сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы және кадрлардағы қазақстандық қамту жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есептерін жасаудың және ұсынудың нысандары мен қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 965 Қаулысы
1. Қоса беріліп отырған:
2) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың орта мерзімді бағдарламасының нысаны;
3) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың ұзақ мерзімді бағдарламасының нысаны;
4) жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы есебінің нысаны;
5) жер қойнауын пайданалушылардың кадрлардағы қазақстандық қамту жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есеп нысаны;
6) Жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуының жылдық, орта мерзімді, ұзақ мерзімді бағдарламаларын, сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы және кадрлардағы қазақстандық қамту жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есептерін жасаудың және ұсынудың қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 965 қаулысымен бекітілген
Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасының нысаны
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісімшартты мемлекеттік тіркеу актісінің тіркеу нөмірі | Сатып алынатын заттың коды | ӨСЖ бойынша ТЖҚ коды | Сатып алынатын ТЖҚ атауы мен қысқаша (қосымша) сипаттамасы | Өлшем бірілігі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Тауарлар | ||||
Жұмыстар | ||||
Қызметтер |
Заттай түрінде сатып алуға жоспарланған мөлшер | ҚҚС есепке алмағанда, сатып алуға жоспарланған сомасы, мың теңге | Сатып алу тәсілі | Сатып алуды өткізу орны | Сатып алуды өткізу мерзімі | Жеткізу мерзімі |
6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ТЖҚ - тауарлар, жұмыстар мен қызметтер
ӨСЖ - өнімнің статистикалық жіктеуіші
Полная версия