Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 10.10.2011 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Техникалық реттеу және метрология мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 маусымдағы № 558 Қаулысы
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес құрамда Техникалық реттеу және метрология мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Миниcтрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 маусымдағы № 558 қаулысымен бекітілген
Техникалық реттеу және метрология мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Техникалық реттеу және метрология мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының, өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары
3. Комиссияның негізгі міндеттері:
1) техникалық реттеу және метрология жүйелерін жетілдіру;
2) техникалық реттеу және метрология саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын анықтау;
3) техникалық реттеу және метрология саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін қарау жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
4. Комиссияның функциялары:
Полная версия