Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 08.04.2008 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан мұнайдан жасалған тауарларды әкету кезiнде кедендiк баждарды алу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы N 1036 Қаулысы
Мұнай өнiмдерінің iшкi нарығын тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкетілетін мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк баж ставкаларын есептеу ережесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 5-күнiне Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiне мұнай шикiзатының әлемдiк нарығындағы бағалар мониторингiнiң қорытындылары бойынша ақпарат берсiн. 
2-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 06.01.2006. № 5, өзгертілді - 28 (15.10.2005 жылғы редакцияны қараңыз)(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).01.2008. № 75 Қаулыларымен.(алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкетiлетiн, мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк баж ставкалары белгiленсiн. 
3-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 06.01.2006. № 5 (15.10.2005 жылғы редакцияны қараңыз) қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)
4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екi апта мерзiмде Еуразия экономикалық қоғамдастығы Интеграциялық Комитетінің Хатшылығына Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабарласын.
5. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2005 жылғы 15 қазандағы
 N 1036 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкетiлетін мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк баж ставкаларын есептеу ережесi 
1. Осы Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкетілетін мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк баж ставкаларын есептеу ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкетілетiн мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк баж ставкаларын есептеудiң тәртібiн (бұдан әрi - кедендiк баж ставкалары) белгілейдi. 
2. Осы Ереженiң мақсаты үшін мұнайдан жасалған тауарлар деп осы Ережеге 1-қосымшада көрсетілген тауарлар түсiніледi. 
3. Кедендiк баж ставкаларын есептеудi осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес мұнай шикiзатының әлемдiк нарығындағы бағалар мониторингінің (бұдан әрi - бағалар мониторингi) нәтижелерi бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ұсынатын шикi мұнайға орташа нарықтық баға туралы деректер негiзiнде әрбір есепті тоқсанның қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі жүзеге асырады. 
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.01.2008. № 75 Қаулысымен (15.02.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
4. Бағалар мониторингiнiң нәтижелерi бойынша орташа нарықтық баға өзгерген жағдайда Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi заңнамада белгіленген тәртіппен кедендiк баж ставкалары мөлшерінiң өзгеруi туралы Қазақстан Республикасының Yкiметi шешімінің жобасын дайындайды. 
5. Бағалар мониторингi кезеңi iшiнде 1 тонна шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасы 138,6 долларға дейiн (қоса алғанда) қалыптасқан кезде мұнайдан жасалған тауарларды әкету 0% ставкасы бойынша жүргiзіледi. 
6. Бағалар мониторингi кезеңi iшiнде 1 тонна шикi мұнайдың орташа нарықтық бағасы 138,6 доллардан астам болып қалыптасқан кезде кедендiк баж ставкалары түзету коэффициенттерi ескерiле отырып, есептеледi. 
Түзету коэффициентi - мұнай өнiмiнiң түрi мен сипаттамаларына қарай кедендiк баж ставкаларының мөлшерiн есептеу үшiн қолданатын коэффициент. 
7. Кедендiк баж ставкаларын есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледi:
Полная версия
ИС BestProfi