Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларды әкету кезiнде кедендiк баждарды алу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы N 1036 Қаулысы
Қаулының тақырыбы өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.04.2008 № 328 Қаулысымен (28.01.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкетілетін мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк баж ставкаларын есептеу ережесi бекiтiлсiн.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.04.2008 № 328, 24 (28.01.2008 жылғы редакцияны қараңыз)(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).12.2008 № 1253 Қаулыларымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз)
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 5-күнiне Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiне мұнай шикiзатының әлемдiк нарығындағы бағалар мониторингiнiң (бұдан әрі - бағалар мониторингі) қорытындылары бойынша ақпарат берсiн.
2-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 06.01.2006 № 5, өзгертілді - 28 (15.10.2005 жылғы редакцияны қараңыз)(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).01.2008 № 75 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 05.12.2008 № 1162, 24.12.2008 № 1234 Қаулыларымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкетiлетiн, шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк баж ставкалары белгiленсiн.
3-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 06.01.2006 № 5, өзгертілді - 08 (15.10.2005 жылғы редакцияны қараңыз)(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).04.2008 № 328 Қаулыларымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)
1) 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Үкіметімен немесе құзыретті органмен жасалған және міндетті түрде салықтық сараптамадан өткен өнімді бөлу туралы келісімдер (келісім-шарттар) бойынша және шикі мұнайға кедендік әкету баждары төлемінен босатуды көздейтін Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдаланушыларға арналған келісім-шарттар бойынша олар өндірген шикі мұнайды жер қойнауын пайдаланушылардың әкетуіне;
3-2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі ай сайын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетіне келісім-шарттардың деректемелерін және әкетілетін шикізаттың көлемін көрсетіп (келісім-шарттар бойынша бөлінісінде), жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттар бойынша өндірілген шикі мұнайды Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетуді жүзеге асыруды жоспарлап отырған сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар туралы ақпарат берсін.
3-2-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 21.05.2008 № 480 Қаулысымен.
4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екi апта мерзiмде Еуразия экономикалық қоғамдастығы Интеграциялық Комитетінің Хатшылығына Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабарласын.
Орташа дистилляттар: қайта өңдеудің ерекше процестері үшін; 2710 19 110 0 кіші қосалқы позицияда көрсетілгендерден басқа, процестердегі химиялық түрлендірулер үшін; өзге де мақсаттар үшін
* әкету кедендік бажы ставкаларын қолдану мақсаты үшін тауарлар тек қана СЭҚ ТН кодтарымен айқындалады. Тауарлардың атаулары пайдалану қолайлылығы үшін келтірілген.