Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1525 қаулысына өзгеріс енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 506 Қаулысы
Редакция 23.12.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 09.12.2024 жылғы № 1042 Қаулысына сәйкес (10.08.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.12.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасы бекітілсін.
2. 2011 жылғы 17 қарашаға дейін Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасының 8-тармағының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтата тұрған кезеңде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады:
«8. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде тік эшелондау төмендегідей жартылай шеңбер жүйесі бойынша жүзеге асырылады:
1) әуе трассаларын, жергілікті әуе желілерін және ұшу жолының нақты белгіленген бұрыштары 0-ден 179о-ға дейінгі (қоса алғанда) маршруттарды бағыттау кезінде мынадай ұшу эшелондары белгіленеді: 900, 1500, 2100, 2700, 3300, 3900, 4500, 5100, 5700, 6300, 6900, 7500, 8100, 9100, 10100, 11100, 12100, 14100 (метр);
2) әуе трассаларын, жергілікті әуе желілерін және ұшу жолының нақты белгіленген бұрыштары 180-нен 359о-ға дейінгі (қоса алғанда) маршруттарды бағыттау кезінде мынадай ұшу эшелондары белгіленеді: 1200, 1800, 2400, 3000, 3600, 4200, 4800, 5400, 6000, 6600, 7200, 7800, 8600, 9600, 10600, 11600, 13100, 15100 (метр).
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 11.09.2015 жылғы № 774 Қаулысымен (16.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.10.2015 жылы № 189 (28667) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 28 ақпандағы № 285 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 9, 67-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 28 ақпандағы № 285 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 қаңтардағы № 61 қаулысы ;
3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне авиация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 ақпандағы № 61 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПАЖ-ы, 2010 ж., № 9, 109-құжат).
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 12 мамырдағы
№ 506 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасы
1. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және 1944 жылы 7 желтоқсанда Чикаго қаласында қол қойылған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға сәйкес әзірленген Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидалары әуе кеңістігін пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, әуе кеңістігін пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, ел экономикасы мен қорғанысы мүддесінде Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.04.2023 жылғы № 294 Қаулысына сәйкес (31.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.12.2013 жылғы № 1429 ҚаулысыМЕН (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.10.2017 жылғы № 650 Қаулысымен (11.09.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.04.2023 жылғы № 294 Қаулысына сәйкес (31.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi