Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 09.03.2022
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясы туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 21 сәуiрдегi N 367 Қаулысы
Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.04.2013 жылғы № 397 Қаулысымен (03.05.2012 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 24.04.2013 жылдан бастап)
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 09.03.2022 жылғы № 114 Қаулысына сәйкес
Редакция 01.01.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 24-1-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.04.2013 жылғы № 397 Қаулысымен (03.05.2012 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 24.04.2013 жылдан бастап)
1. Қоса беріліп отырған:
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.04.2013 жылғы № 397 Қаулысымен (03.05.2012 ж. редакцияны қараңыз)
1) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Республикалық терминология комиссиясының құрамы;
2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Республикалық терминология комиссиясы туралы ереже бекiтiлсiн.
2. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 24.04.2013 жылғы № 397 Қаулысымен (03.05.2012 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 24.04.2013 жылдан бастап)
3. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
"Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Мемлекеттiк терминология комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 30 маусымдағы N 744 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 27, 304-құжат);
"Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 30 маусымдағы N 744 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 17 қазандағы N 1339 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 33, 414-құжат).
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1998 жылғы 21 сәуiрдегi
N 367 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясы туралы ереже
Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.04.2013 жылғы № 397 Қаулысымен (03.05.2012 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 24.04.2013 жылдан бастап)
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) экономиканың, ғылымның, техниканың, мәдениеттің барлық салалары бойынша қазақ тілінің терминологиялық лексикасы саласында ұсыныстар әзірлейтін консультациялық-кеңесші орган болып табылады.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.04.2013 жылғы № 397 Қаулысымен (03.05.2012 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 24.04.2013 жылдан бастап)
2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
3. Комиссияның құрамы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiледi.
байырғы қазақ лексикасы (кәсiби лексика, диалектизм, ескiрген лексика, ауызекi тiл үлгiлерi және т.б.) сөздерiнiң қорын барынша пайдалану;
басқа түркi тiлдерiнiң оң тәжiрибесiн термин шығармашылығында пайдалану;
халықтардың арасындағы экономикалық, мәдени, ғылыми-техникалық байланыстарды жүзеге асыру үшiн қажеттi интернационалдық терминдердi қолдану. Аталған принцип терминдердi қазақ орфографиясының заңдарына бағындыру жолымен iске асырылады;
ғылымның, техниканың салалық аяларында семантикасы немесе нысаны бойынша тегi жағынан жақын терминдердiң қолданылуын үйлестiру, сондай-ақ ұлттық және интернационалдық терминдердiң табиғи тепе-теңдiгiн сақтау принциптерiн басшылыққа алады.
отырыстарда мақұлданған терминдер мен номенклатураларды қарау және бекiту;
экономиканың, ғылымның, техниканың және мәдениеттiң түрлi салалары бойынша комиссия бекiткен терминдердi бюллетеньдер мен салалық терминологиялық сөздiктер түрiнде шығаруға ұсынымдар дайындау, сондай-ақ терминдердi республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;
терминдер мен номенклатуралардың практикалық пайдаланылуы мен қолданылуының дұрыстығы мен дәйектiлiгiн айқындау мақсатында, қажет болған жағдайда қазақ тiлiнiң терминологиясын құру және жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды дайындау үшiн ғалымдарды, газеттер мен журналдар редакцияларының, теледидар мен радио хабарын таратудың, кiтап баспаларының, сондай-ақ республиканың мүдделi министрлiктерi мен ведомстволарының қызметкерлерiн тарту;
экономиканың, ғылымның, техниканың және мәдениеттiң тиiстi салалары бойынша терминология секцияларын құру.
6. Комиссияның отырысы оның төрағасы бекiтетiн жұмыс жоспарына сәйкес жүйелi түрде өткiзiледi.
Егер оған мүшелерiнiң жартысынан көбi қатысса, отырыс күшi бар деп саналады.
7. Комиссияның хатшысы Комиссияның жұмыс жоспарын әзірлеуді қамтамасыз етеді, отырыс хаттамаларын ресімдейді.
7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (24.04.2013 ж. редакцияны қараңыз)
7-1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитеті Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
7-1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (24.04.2013 ж. редакцияны қараңыз)
7-1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.09.2014 жылғы № 970 Қаулысымен (09.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
7-1-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 09.02.2021 жылғы № 39 Қаулысына сәйкес (30.12.2014 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Комиссияның жұмыс органы комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса комиссия мүшелеріне жіберілуі тиіс.
8. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
8-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (24.04.2013 ж. редакцияны қараңыз)
8-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.09.2014 жылғы № 970 Қаулысымен (09.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, оны білдірген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген комиссияның есеп-хатына қоса берілуі тиіс.
Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген кезде Комиссияның хатшысы дауыс беру парағын қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясымен қоса Комиссия мүшелеріне келісу үшін жібереді.
Комиссия мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді.
8-1. Дауыс беру парақтарымен қоса, комиссия материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.
Ереже 8-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысына сәйкес
9. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
10. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
11. Мемтерминком өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне есеп бередi.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1998 жылғы 21 сәуiрдегi
№ 367 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясының құрамы
Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.04.2013 жылғы № 397 Қаулысымен (03.05.2012 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 24.04.2013 жылдан бастап)
Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.04.2013 жылғы № 397 Қаулысымен (03.05.2012 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 24.04.2013 жылдан бастап)
Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (24.04.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.09.2014 жылғы № 970 Қаулысымен (09.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.12.2014 жылғы № 1401 Қаулысымен (04.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.01.2015 жылы № 5(28483) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Құрам жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 09.02.2021 жылғы № 39 Қаулысына сәйкес (30.12.2014 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі, төраға
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитетінің төрағасы, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары, хатшы
Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісу бойынша)
«Астана» медициналық университетінің профилактикалық медицина және тамақтану кафедрасының профессоры (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Аппаратының Редакциялық-баспа бөлімінің меңгерушісі (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Аппаратының Редакциялау және аударма бөлімінің меңгерушісі (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Жалпы бөлімінің редакциялық сараптама және актілерді шығару секторының меңгерушісі (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас инспекторы
«Egemen Qazaqstan» республикалық газеті» акционерлік қоғамының президенті (келісу бойынша)
«Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жетекші ғылыми қызметкері (келісу бойынша)
«Назарбаев университеті» дербес білім беру ұйымының қазақ тілі кафедрасының профессоры (келісу бойынша)
«Ана тілі» ұлттық газеті «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас редакторы (келісу бойынша)
«Түркістан» газеті «Айқын-Литер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас редакторы (келісу бойынша)
Полная версия
ИС BestProfi