Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Внимание! Документ утратил силу с 10.09.2015
"Салықтық өтініштердің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қарашадағы № 1390 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 мамырдағы № 456 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 10 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 28.08.2015 жылғы № 685 Қаулысына сәйкес
1. «Салықтық өтініштердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қарашадағы № 1390 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 4, 75-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 9), 10) , 11) , 12) , 13) , 14) , 15) , 16) тармақшалары алынып тасталсын;
1) көрсетілген қаулымен бекітілген салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініш нысаны осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш нысаны осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініш нысаны осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
4) көрсетілген қаулымен бекітілген дара кәсіпкерді, жеке нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты тіркеу есебі туралы салықтық өтініш нысаны осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
5) көрсетілген қаулымен бекітілген қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтініш нысаныосы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
6) көрсетілген қаулымен бекітілген бақылау-касса машинасын салық органдарында есепке қою туралы салықтық өтініш нысаны осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
7) көрсетілген қаулымен бекітілген бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы салықтық өтініш нысаныосы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
8) көрсетілген қаулымен бекітілген бақылау-касса машинасын пайдалану кезінде туындайтын міндеттемелердің орындалуы туралы салықтық өтініш нысаны осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
9) көрсетілген қаулымен бекітілген бақылау-касса машинасының моделін мемлекеттік тізілімге енгізу туралы салықтық өтініш нысаны осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
10) көрсетілген қаулымен бекітілген қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш нысаны осы қаулыға 10-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
11) көрсетілген қаулымен бекітілген құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш нысаны осы қаулыға 11-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
12) көрсетілген қаулымен бекітілген салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігін кері қайтарып алу туралы салықтық өтініш нысаны осы қаулыға 12-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
13) көрсетілген қаулымен бекітілген салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту туралы салықтық өтініш нысаны осы қаулыға 13-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
14) көрсетілген қаулымен бекітілген қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттың негізінде төленген табыс салығын бюджеттен немесе шартты банк салымынан қайтаруға салықтық өтініш нысаны осы қаулыға 14-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
15) көрсетілген қаулымен бекітілген салық резиденттігін растауды алуға салықтық өтініш нысаны осы қаулыға 15-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
16) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтаманы алуға салықтық өтініш нысаны осы қаулыға 16-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
Полная версия