Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.09.2016
"Инвестициялық ахуалды жақсарту жөнінде кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 275 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 сәуірдегі № 327 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.09.2016 жылғы № 546 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Инвестициялық ахуалды жақсарту жөнінде кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 275 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес құрамына мыналар енгізілсін:
Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің  бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі
Ыдырысов Ерлан Әбілфайызұлы- Қазақстан Республикасының Сыртқы істер  министрі
Қуандықов Болатбек Баянұлы- Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау  агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) төрағасы
Хаиров Ерлан Қартайұлы - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы, хатшы
Барцявичюс Аудрис - «Siemens» бас директоры (келісім бойынша)
Таисия Когутюк - «Қазақстан Қағазы» компаниясының бас  директоры (келісім бойынша);
«Орынбаев Ербол Тұрмаханұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің  орынбасары, төрағаның орынбасары
Исекешев Әсет Өрентайұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің  орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрі
Досаев Ерболат Асқарбекұлы  - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму  және сауда министрі
Акдениз Алпер  - Қазақстанның Еуропалық сауда-өнеркәсіп  ұйымының (EUROBAK) төрағасы (келісім бойынша)»
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«Орынбаев Ербол Тұрмаханұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің  орынбасары
Исекешев Әсет Өрентайұлы -Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің  орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрі, төрағаның орынбасары
Досаев Ерболат Асқарбекұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және  бюджеттік жоспарлау министрі
Акдениз  Алпер - Орталық Азия мен Кавказ бойынша  PricewaterhouseCoopers басқарушы әріптесі (келісім бойынша);
көрсетілген құрамнан Құсайынова Еңлік Құсайынқызы шығарылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес туралы ережеде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Кеңестің құрамы қазақстандық тараптан Қаржы, Экономика және бюджеттік жоспарлау, Әділет, Индустрия және жаңа технологиялар, Қоршаған ортаны қорғау, Сыртқы істер, Өңірлік даму министрліктерінің, Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік), Бас прокуратураның және өзге де ұйымдардың басшылары, олардың орынбасарлары немесе жауапты хатшылары қатарынан қалыптастырылады.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi