Близость слов: Окончание:





Ұлттық біліктілік жүйесін кезең-кезеңімен әзірлеу жоспарын бекіту туралы 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 616 қаулысы
«Мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласында берілген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 шілдедегі № 961қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Ұлттық біліктілік жүйесін кезең-кезеңімен әзірлеужоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары:
1) Жоспарды іске асыру бойынша шаралар қабылдасын;
2) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне дейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күніне дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 18 маусымдағы
№ 616 қаулысымен бекітілген
Ұлттық біліктілік жүйесін кезең-кезеңімен әзірлеу жоспары
Әлемдегі дамыған мемлекеттер аса жоғары кәсіби деңгейдегі еңбек ресурстарын дайындау арқылы өздерінің бәсекеге қабілеттіліктерін арттыруға ұмтылысын күшейтіп отыр. Заманауи технологиялық жетістіктер жұмыс күші нарығындағы қалыпты біліктілік талаптарын өзгертеді және оқыту процесін жылдамдату үшін мүмкіндік береді. Әсіресе, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейінің тұрақтылығы білім беру жүйелерінің еңбек нарығы үшін қажетті дағдыларды игерген жастарды дайындауға қабілетсіз екендігін ашық көрсетті.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: жалпыға ортақ еңбек қоғамына жиырма қадам» атты мақаласында ұлттық біліктілік жүйесін құру жөнінде нақты міндет қойды.
Ел Президенті ұлттық біліктілік жүйесін құру жөніндегі барлық жұмыстарға барынша екпін берілуі қажет екенін атап өтті, шын мәнінде ол әрбір кәсіп үшін кәсіби баспалдақ, «жол картасы» болып табылады.
Аталған міндет Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену процесінде де маңызды болып табылады. Еліміз үшін стратегиялық маңызды осы міндетті шешуде қызметкердің негізгі басты кәсіптік сапасы оның біліктілігі болып табылады, қорыта келгенде адам қажетті сертификатпен кәсіпорынға келгенде, жұмыс беруші оның алдында технологиялық процестегі еңбек функцияларын орындауға шынымен дайын, құзыретті маман тұрғанын түсінуі қажет.
Осы Ұлттық біліктілік жүйесін кезең-кезеңімен әзірлеу жоспары (бұдан әрі – Жоспар) біліктілік жүйесін дамыту, кәсіби стандарттарды әзірлеу мен кәсіби даярлықты бағалау және мамандардың біліктілікке сәйкестігін растау жөніндегі іс-шаралар кешенін қамтиды.
Жоспардың мақсаты – ұлттық біліктілік жүйесін дамыту үшін жағдай жасау.
Полная версия
ИС BestProfi