Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2020
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 маусымдағы № 641 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 20.11.2019 жылғы № 861 Қаулысына сәйкес
Редакция 28.12.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістербекітілсін.
2. Осы қаулы қоса беріліп отырған өзгерістердің 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының үшінші, төртінші, жетінші, сегізінші, оныншы, он бірінші, он екінші және он үшінші абзацтарын және 3-тармағының бесінші және алтыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің 2013 жылғы 21 маусымдағы
 № 641 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 28.12.2015 жылғы № 1086 Қаулысымен (21.06.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.01.2016 жылы № 4 28732 „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. «Ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 787 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 27-28, 245-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесінде:
көрсетілген Үлгі ережеге 1 және 2-қосымшалар осы қаулыға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 28.12.2015 жылғы № 1086 Қаулысымен (21.06.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.01.2016 жылы № 4 28732 „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2013 жылғы 21 маусымдағы
№ 641 қаулысына
1-қосымша
1-қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 28.12.2015 жылғы № 1086 Қаулысымен (21.06.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.01.2016 жылы № 4 28732 „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2013 жылғы 21 маусымдағы
 № 641 қаулысына 2-қосымша
Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жоспарланатын сатып алу жөніндегі ақпарат
Тапсырыс берушінің БСН Тапсырыс берушінің СТН Тапсырыс берушінің атауы (мемлекеттік тілде) Тапсырыс берушінің атауы (орыс тілінде) Сатып алу жылы
1 2 3 4 5
Полная версия
ИС BestProfi