Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 05.05.2019
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 112 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 223 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды 2019 жылғы 5 мамырдан бастап ҚР Әділет министрінің 11.04.2019 жылғы № 184 Бұйрығына сәйкес
1. Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 112 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4625 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2007 жылы 11 шілдеде № 104 (1133 болып жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықта:
4-тармақтың бесінші бөлімі келесі редакцияда баяндалсын:
«Жергілікті мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктерді, қорларды және заңды тұлғалардың қауымдастықтарын мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, тарату, қоғамдық және діни бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу, қайта тіркеу, есептік тіркеуден шығару тиісті облыста және Астана және Алматы қалаларында облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының Әділет департаменттері жүзеге асырады.».
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасы Б.Ш. Әбішевке жүктелсін.
3. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi