Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
"2010 - 2014 жылдарға арналған республикалық индустрияландыру картасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 14 сәуiрдегi № 303 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 шілдедегі № 685 қаулысы
1. «2010 – 2014 жылдарға арналған республикалық индустрияландыру картасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 14 сәуiрдегi № 303 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Инвестициялық жобаларды іске асыру барысын бақылау жөніндегі жауапты мемлекеттік органдар ай сайынғы негiзде, есептi айдан кейiнгi айдың 5-күнiне дейiнгi мерзiмде «Жобаларды басқарудың ақпараттық-талдамалық жүйесі» ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – жобалық офис) есептік нысандарын толтыруды қамтамасыз етсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген 2010 – 2014 жылдарға арналған республикалық индустрияландыру картасы мынадай мазмұндағы реттiк нөмірлері 38-1, 38-2, 38-3, 38-4, 38-5-жолдармен толықтырылсын:
«
38-1. | Каустикалық сода, үшхлорлы фосфор және глифосат өндірісі | ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша) | Жамбыл облысы | «Бірлескен химия компаниясы» ЖШС | 2013 – 2015 ж.ж. | 2 550 |
38-2. | Көмір химиясы өнімдерін өндіретін зауыт және көмір шығаратын разрез құрылысы | ИЖТМ, Қарағанды облысының әкімі | Қарағанды облысы | «АРБАТ» БК» ЖШС | 2013 – 2019 ж.ж. | 300 |
38-3. | Nomad модельіндегі Ssang Yong маркалы автомобилдерін CKD әдісімен (ұсақ тораптық) жинақтау өндірісін құру | ИЖТМ, Қостанай облысының әкімі | Қостанай облысы | «Сарыарқа АвтоПром» ЖШС | 2012 – 2014 ж.ж. | 1 640,4 |
38-4. | Қызылорда қаласында табақ шыны өндіретін зауыт салу | ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша) | Қызылорда облысы | «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС | 2013 – 2015 ж.ж. | 1 063 |
38-5. | Екібастұз-Шүлбі ГЭС (Семей) – Өскемен 500 кВ желісінің құрылысы | ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша) | Өңiраралық жоба | «KEGOC» АҚ | 2011 – 2017 ж.ж. | 282,73 |
»;
реттiк нөмірлері 55, 56 және 57-жолдар алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi С. Ахметов
Полная версия