Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 15.01.2015
Ішкі және сыртқы рыноктарда сату үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын таңбалау қағидаларын бекіту туралы 
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 14 мамырдағы № 121-ө бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 05 маусымда № 8498 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 15 қаңтардан бастап ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 27.06.2014 жылғы № 240-Ө Бұйрығына сәйкес
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдеден Заңының 9-бабы 1-тармағының12) және36) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса беріліп отырған ішкі және сыртқы рыноктарда сату үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын таңбалауқағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Қазақстан Республикасында ішкі және сыртқы сауда үшін бекіре тұқымдас балықтар уылдырығын таңбалау Ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 31 тамыздағы № 462бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3202 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2005 жылғы 13 қазанда № 125(749) ресми жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау
министрінің
2013 жылғы 14 мамырдағы
№ 121-ө бұйрығымен бекітілген
Ішкі және сыртқы рыноктарда сату үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын таңбалау қағидалары
1. Осы Ішкі және сыртқы рыноктарда сату үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын таңбалау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабы 1-тармағының12) және36) тармақшаларына сәйкес әзірленді және белгіленген үлгідегі арнайы маркаларды енгізу арқылы ішкі және сыртқы рыноктарда сату үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын таңбалаудың бірыңғай жүйесін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:
әкімшілік орган - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі;
сыйымдылық - уылдырықпен тікелей байланыстағы ыдыс;
көз коды - шартты балык көзіне сәйкес келетін әріп: W - жабайы, С - жасанды өсірілген;
маркалардың қозғалысы - Балық шаруашылығы комитетіне келіп түсуінен бастап өтініш берушіге беру сәтіне дейінгі кезеңдерді өзіне қамтитын маркалар қозғалысы;
СИТЕС (СІТЕS) - Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция.
топтаманың сәйкестендіру нөмірі - қайта өңдеу зауыттарында және орау кәсіпорындарында пайдаланылатын уылдырықты бақылау жүйесіне жататын нөмір;
тығыздалған уылдырық - бекіре балықтарының бір және одан көп түрлерінің ұрықталмаған жұмыртқаларынан (уылдырықтарынан) тұратын, неғұрлым жоғары сапалы уылдырықты қайта өңдеуден және өндіруден кейін қалған уылдырық;
уылдырық бекіре балықтарының қайта өңделген ұрықтанбаған жұмыртқалары (уылдырықтары);
Полная версия
ИС BestProfi