Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 04.06.2013 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу ережесін және Көлік құралдарының жекелеген түрлерін басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәліктер беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 90 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 5 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6103 болып енгізілді
"Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы және "Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы" 1996 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) Көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу ережесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) Көлік құралдарының жекелеген түрлерін басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәліктер беру ережесі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Астана, Алматы қалаларының және облыстардың ішкі істер департаменттерінің бастықтары:
1) осы бұйрықты ішкі істер органдары жеке құрамының зерделеуін, сондай-ақ осы Ережеде көзделген қызметтік құжаттаманы дайындауды қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықтың талаптарына сәйкес ішкі істер органдарының жұмысын ұйымдастырсын.
3. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Техникалық қызмет департаменті (С.К.Көкебаев) ішкі істер органдарының байланыс арналары бойынша көлік құралдары мен жүргізушілер куәлігіне ақпарат және мәліметтер алмасу мүмкіндігін қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті (Қ.С.Тыныбеков) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары А.Ж.Күреңбековке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитетіне (Қ.С.Тыныбеков) жүктелсін.
7. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Ішкі істер министрінің
 2010 жылғы 26 ақпандағы
 № 90 бұйрығына
 1-қосымша
Көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу ережесі 1. Жалпы ережелер
1. Көлiк құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу ережесі (бұдан әрі - Ереже) көлік құралдарының жекелеген түрлерін тіркеу тәртібін айқындайды.
Осы Ереже басқа мемлекеттерде тiркелген және Қазақстан Республикасына 2 айдан артық мерзiмге уақытша әкелiнген көлiк құралдарының жекелеген түрлерін ішкі істер органдарының жол полициясы (бұдан әрі – ІІО ЖП) бөлiмшелерінде тiркеудің және есепке алудың бiрыңғай тәртiбін белгілейді.
2. Көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу оларды жол қозғалысына, оның ішінде халықаралық қозғалысқа қатысуға жіберу үшін негіз болып табылады, сондай-ақ көлік құралы иесінің меншік құқығын растайды.
Полная версия
ИС BestProfi