Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 10.07.2013 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
"Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі" мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 14 ақпандағы № 133 қаулысы
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 54) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2013 жылғы 14 ақпандағы
 № 133 қаулысымен
 бекітілген
«Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу қағидалары
1. Осы «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi – Заң) сәйкес әзiрлендi және «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді (бұдан әрі – ТЖҚ) сатып алудың жылдық және (немесе) орта мерзімді және (немесе) ұзақ мерзімді бағдарламаларында көзделген, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың уәкiлеттi тұлғаларының, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылармен немесе жер қойнауын пайдаланушылардың уәкілетті тұлғаларымен жасалған шарттарды орындау шеңберiндегi қызметтi жүзеге асыратын олардың мердігерлерінің ТЖҚ сатып алу тәртiбiн айқындайды.
1) кең таралған пайдалы қазбаларды барлау немесе өндіру бойынша операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға;
2) мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ТЖҚ-ны сатып алатын жер қойнауын пайдаланушыларға;
3) дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызын тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдинг иеленетін жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаларға қолданылмайды.
3. Осы Қағидаларда Заңда белгiленген ұғымдар мен анықтамалар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) тапсырыс берушi – осы Қағидаларға сәйкес ТЖҚ-ны сатып алуды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы, мердігер, жер қойнауын пайдаланушының уәкілетті тұлғасы;
2) сатып алу – келiсiмшарттық мiндеттемелердi орындау үшiн қажеттi және осы Қағидаларда белгiленген тәртiппен және тәсiлдермен жүзеге асырылатын, келiсiмшартта ілеспе ретiнде көзделген қызметтермен жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде ТЖҚ-ны меншікті қаражат есебінен сатып алу;
3) әлеуетті жеткізушінің аффилирленген тұлғасы – шешімдерді айқындау және (немесе) осы әлеуетті жеткізуші қабылдайтын шешімдерге, оның ішінде жазбаша нысанда жасалған мәміленің күшіне әсер етуге құқылы кез келген жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ оған қатысты осы әлеуетті жеткізуші осындай құқыққа ие кез келген жеке немесе заңды тұлға;
4) сатып алу коды – осы Қағидалардың 6-тармағының 1), 3),  4) тармақшаларында көрсетілген тәсілдермен ТЖҚ-ны сатып алуды жүргізу туралы хабарландыруларды қалыптастыру кезінде немесе осы Қағидалардың 6-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тәсілдермен ТЖҚ-ны сатып алу қорытындысын шығару хаттамасын қалыптастыру кезінде тізілім қалыптастырған код;
Полная версия
ИС BestProfi