Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 23.07.2013 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Азық-түлік шикізатының және тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 қараша N 1783 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қарашадағы N 4153 Жарлығымен бекітілген "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Азық-түлік шикізатының және тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі туралы нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі, Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі осы қаулыны іске асыру жөніндегі шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
 Yкiметінiң
 2000 жылғы 29 қарашадағы
 1783 қаулысымен
 бекiтiлген
Азық-түлiк шикiзатының және тамақ өнiмдерiнiң сапасы мен қауiпсiздiгi туралы нұсқаулық
Осы Нұсқаулық азық-түлiк шикiзаты мен тамақ өнiмдерiнiң (бұдан әрi - тамақ өнiмдерi) сапасы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгiлейдi және өндiру, сатып алу, тасып әкелу, сақтау, тасымалдау және сату (бұдан әрi - айналым) кезеңдерiндегi өндiрушi, сатушы және тұтынушы арасында туындайтын қатынастарды реттейдi. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының Конституциясына,  заңдарына  және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiне сәйкес әзiрлендi.  
1. Заңды және жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында шығаратын, әкелетiн және сататын тамақ өнiмдерiн стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың, санитарлық, малдәрiгерлiк-санитарлық, фитосанитарлық нормалар мен ережелердiң, сондай-ақ басқа да техникалық регламенттердiң (бұдан әрi - нормативтiк құжаттар) талаптарына сай болуы тиiс. , , , , , , ,   
2. Жалпы қабылданған негiзгi терминдер мен ұғымдар:  
тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi - тамақ өнiмдерiнiң оларды әдеттегi жағдайда пайдалану кезiнде зиянды болып табылмайтындығы мен қазiргi және келешек ұрпақтың денсаулығына қауiп туғызбайтындығына негiзделген сенiмдiлiк күйiнiң болуы;  
биологиялық белсендi қоспалар - тамақпен бiр мезгiлде пайдалануға немесе тамақ өнiмдерiнiң құрамына енгiзуге арналған табиғи (табиғимен бiрдей) биологиялық белсендi заттар;  
тамақ өнiмдерiн, материалдар мен бұйымдарды теңестiру - белгiлi бiр тамақ өнiмдерiн, материалдар мен бұйымдарды нормативтiк, техникалық құжаттардың талаптарына және оларға қоса берiлетiн құжаттардағы және жапсырмалардағы ақпараттарға сәйкестiкке келтiру жөнiндегi қызмет;  
тамақ өнiмдерiнiң сапасы - оларды әдеттегi жағдайда пайдалану кезiнде адамның тамаққа қажеттiлiгiн қанағаттандыруға қабiлеттi тамақ өнiмдерi қасиеттерiнiң жиынтығы;  
тамақ өнiмдерiмен араласатын материалдар мен бұйымдар (бұдан әрi - материалдар мен бұйымдар) - тамақ өнiмдерiн дайындау, буып-түю, сақтау, тасымалдау, сату мен пайдалану кезiнде қолданылатын материалдар мен бұйымдар, оның iшiнде технологиялық жабдықтар, құралдар мен құрылғылар, ыдыстар, ыдыс-аяқтар, асханалық керек-жарақтар;  
нормативтiк құжаттар - тамақ өнiмдерiнiң, материалдар мен бұйымдардың сапасы мен қауiпсiздiгiне, олардың сапасы мен қауіпсiздiгiн бақылауға, оларды дайындау, сақтау, тасымалдау, сату және пайдалану, сапасыз, қауiптi тамақ өнiмдерiн, материалдар мен бұйымдарды қайта жарату немесе жоюға талаптар қоятын мемлекеттiк стандарттар, санитарлық, мал дәрiгерлiк- санитарлық және фитосанитарлық ережелер мен нормалар және басқа да нормативтiк-құқықтық кесiмдер;  
Полная версия
ИС BestProfi