Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 31.12.2015
"Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Стратегиялық объектілер жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 қарашадағы № 1125 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 тамыздағы № 773 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 31.12.2015 жылғы № 1173 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Стратегиялық объектілер жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 қарашадағы № 1125 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Стратегиялық объектілер жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Әмірин
Ғұсман Кәрімұлы
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Теңгебаев
Ардақ Мырзабайұлы
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі
Әбенов
Мұрат Абдуламитұлы
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі;
көрсетілген құрамнан Саят Болатұлы Шаяхметов, Руслан Ерболатұлы Дәленов, Өсер Елеусізұлы Мизанбаев шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Полная версия
ИС BestProfi