Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 шілдедегі № 750 қаулысы
Редакция 03.07.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 577 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – жоспар) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ жоспардың орындалуына жауапты мүдделі ұйымдар:
1) жоспарды іске асыру жөніндегі шараларды қабылдасын;
2) жылдың қорытындысы бойынша 1 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Ресцубликасы Энергетика министрлігіне жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
2-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.09.2014 жылғы № 969 Қаулысымен (31.07.2013 ж. редакцияны қараңыз)
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі жылдың қорытындысы бойынша 20 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.09.2014 жылғы № 969 Қаулысымен (31.07.2013 ж. редакцияны қараңыз)
4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі жылдың қорытындысы бойынша 20 наурыздан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер - Министрі С . Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 31 шілдедегі
№ 750 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
Жоспар өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.09.2014 жылғы № 969 Қаулысымен (31.07.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Жоспар өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.04.2015 жылғы № 273 Қаулысымен (04.09.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Жоспар өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.09.2015 жылғы № 780 Қаулысымен (23.04.2015 ж. редакцияны қараңыз)
Жоспар өзгертілді ҚР Үкіметінің 03.07.2017 жылғы № 413 Қаулысымен (15.09.2015 ж. редакцияны қараңыз)

Р/с 

Іс-шараның атауы

Аяқтау нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындау мерзімі

Қажетті қаржыландыру көлемі 
(млн. теңге)*

1

2

3

4

5

6

1. Нормативтік-құқықтық, институционалдық және кадрлық қамтамасыз ету

«Жасыл экономиканың» нормативтік-құқықтық базасы (оның ішінде, мемлекеттік және салалық бағдарламалар)

1

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне

ЭБЖМ (жинақтау), Қоршағанортамині, ИЖТМ, АШМ, Қаржымині, Әділетмині

2014 жылғы наурыз

талап етілмейді

1-1

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне парниктік газдарды және озонды бұзатын заттарды реттеу саласындағы экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңы жобасының тұжырымдамасын әзірлеу

Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ВАК хаттамасы

ЭМ, Әділетмині, ҰЭМ Қаржымині

2017 жылғы қыркүйек

талап етілмейді

2

Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мен аумақтарды дамыту бағдарламаларын Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшуі жөніндегі тұжырымдаманың ережелеріне сәйкес келтіру

ЭМ-ге ақпарат

ҰЭМ (жинақтау), ЭМ, АШМ, ИДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

тұрақты

талап етілмейді

3

Салалық бағдарламаларды Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама ережелеріне сәйкес келтіру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ЭБЖМ (жинақтау), МГМ, ИЖТМ, АШМ, Қоршағанортамині

2014 жылғы сәуір

талап етілмейді

4

Аумақтарды дамытудың өңірлік бағдарламаларына Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама ережелеріне сәйкес «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі іс-шараларды енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Қоршағанортамині (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2013 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

Институционалдық қамтамасыз ету

5

Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңесті құру бойынша ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар

Қоршағанортамині (жинақтау), ЭБЖМ

2013 жылғы тамыз

талап етілмейді

5-1

"Жасыл экономикаға" көшу жөніндегі ұлттық баяндаманы әзірлеу

Ұлттық баяндама

ЭМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар

3 жылда 1 рет

талап етілмейді

6

Энергия аудиттері нәтижелерін, ірі кәсіпорындар шығарындыларының деңгейі мен құрамын, су ресурстары жай-күйінің көрсеткіштерін, ауыл шаруашылығының өнімділігін, ҚТҚ және өнеркәсіп қалдықтары қоқыстарының жай-күйін және басқаларын қоса алғанда, «Жасыл экономиканың» барлық индикаторлары бойынша жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық ақпаратты, сондай-ақ әкімшілік деректерді жедел жинауды және оның ашықтығын жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу

СА бұйрығы

СА (жинақтау), Қоршағанортамині

2014 жылғы 3-тоқсан

талап етілмейді

7

Статистикалық жұмыстар жоспары шеңберінде Қазақстан Республикасының «Жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыруды бағалау және бақылау үшін қажетті статистикалық деректерді жинауды тұрақты негізде қамтамасыз ету

ЭМ-ге ақпарат

ҰЭМ СК

үнемі

талап етілмейді

8

Экономикалық даму деңгейін, экологиялық жағдайды, халықтың денсаулығын, таза сумен қамтамасыз етуді және басқаларын қамтитын өңірлер үшін халықтың өмір сүру деңгейінің кешенді "жасыл" көрсеткішін әзірлеу

кешенді "жасыл" көрсеткіштің моделі

ЭМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2017 жылғы желтоқсан

БҰҰДБ

9

Жол алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

       

«Жасыл экономикаға» көшуді кадрлық қамтамасыз ету

10

«Жасыл экономика» үшін кадрларды дайындау бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу

БҒМ бұйрығы

БҒМ

жыл сайын маусым

020 «Жоғары білімді мамандарды дайындау және білім алушыларға әлеуметтік көмек көрсету» бағдарламасы бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде

11

2020 жылға дейін өңірлер мен мамандықтар бөлінісінде өнеркәсіптік кластерлерде еңбек ресурстарына қажеттілікті бес өндірістік кластерде айқындау

ДСӘДМ-ге ақпарат

ЭМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2013 - 2020 жылдар

талап етілмейді

12

«Электр энергетикасы», «Жылу энергетикасы», «Ауыл шаруашылығын электрмен қамтамасыз ету» мамандықтарының білім беру бағдарламаларына қоршаған ортаны қорғау және ресурстардың өнімділігі мәселелері бойынша элективті курстарды қосу мәселесін пысықтау

Қоршағанортаминіне ұсыныстар

БҒМ

2014 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

13

«Жасыл экономикаға» көшу шеңберінде ЖОО-ларда «Экология және орнықты даму» пәнінің мазмұнын жетілдіру мәселесін пысықтау

Қоршағанортаминіне ақпарат

БҒМ

2013 жылғы қазан

талап етілмейді

14

Жергілікті атқарушы органдардың мамандары үшін «жасыл экономика» бойынша оқыту семинарларын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

БҒМ

2013 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

15

Шетелдік мамандарды шақыра отырып, «жасыл экономика» мәселелері бойынша ғылыми конференциялар мен семинарлар, «дөңгелек үстелдер» ұйымдастыру бойынша ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

БҒМ (жинақтау), Қоршағанортамині, МҚІА (келісім бойынша)

2013 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

16

Мемлекеттік қызметшілер үшін "жасыл экономикаға" мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар енгізу

ЭМ-ге ақпарат

МҚІСҚА

жыл сайын

талап етілмейді

17

"Жасыл экономика" салалары бойынша ғылыми жобаларға одан әрі коммерцияландыру үшін неғұрлым тиімді жобаларды айқындаумен мониторинг жүргізу

ЭМ-ге ақпарат

БҒМ

тұрақты

талап етілмейді

18

Жол алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

       

Ақпараттық қолдау

19

Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыруды бағалау және бақылау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруға байланысты экономикадағы өзгерістерді болжау үшін экономикалық модельді әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ЭБЖМ (жинақтау), Қоршағанортамині

2013 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

20

Жол алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

       

21

Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру барысын ақпараттық қамтамасыз ету

бірыңғай республикалық медиа-жоспар

АКМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

тұрақты

талап етілмейді

21-1

"Жасыл көпір" әріптестік бағдарламасын және Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшуі жөніндегі тұжырымдаманы ақпараттық қолдау үшін "Жасыл көпір" интернет-ресурсын дамыту және сүйемелдеу

атқарылған жұмыстар актісі

ЭМ

тұрақты

РБ

2. Су ресурстарын орнықты пайдалану шаралары
Суды пайдаланудың тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар
22 Мыналарды:
- пайдаланылатын ауыл шаруашылығы дақылдарын суғару тиімділігін арттыруға, су сыйымдылығын төмендетуге, суару арналарындағы ысырапты азайтуға бағытталған шараларды;
- өнеркәсіпте суды пайдалану тиімділігін арттыру бойынша шараларды;
- сумен жабдықтау және суды бұрудың муниципалды кәсіпорындарының суды пайдалану тиімділігін арттыру бойынша шараларды;
- 2015, 2020, 2025 жылдарға және қорытынды 2040 жылға белгіленген аралық мақсаттармен салыстыру арқылы көрсетілген секторларда суды пайдалану тиімділігін арттыру бойынша шараларды іске асыру тиімділігін үнемі қадағалау тетігін;
- сутехникалық құрылыстарды салу мен жаңғыртуға арналған операциялық шығындарды және күрделі шығыстарды толық өтеуге, сондай-ақ суды пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған ынталандыру шаралары бойынша ұсыныстар әзірлеуді;
- сумен жабдықтауды жақсартуға (мысалы, дамбалар салу, оның ішінде мемлекеттік – жеке меншік әріптестік негізінде) бағытталған неғұрлым қолайлы инфрақұрылымдық жобаларды инвестициялық бағалауды, басымдық беруді және олардың қысқа тізімін құруды қамтитын суды пайдаланудың тиімділігін арттыруға бағытталған 2014 - 2040 жылдарға арналған Су ресурстарын басқарудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу
Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығының жобасы
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне
Қоршағанортамині (жинақтау), ӨДМ, АШМ, ТМРА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері 2013 жылғы қазан талап етілмейді
23 Табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға жеке және жалпыүйлік су тұтынуды есептеу аспаптарын орнатуды қамтамасыз ету жөнінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шаралар қабылдау Қоршағанортаминіне ақпарат ӨДМ (жинақтау), ТМРА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері 2013 жылғы желтоқсан талап етілмейді
Полная версия
ИС BestProfi