ҚАУЛЫ ЕТЕМІН :
Внимание! Документ утратил силу с 31.07.2023
"Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 9 тамыздағы № 609 Жарлығы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Президентінің 31.07.2023 жылғы № 290 Жарлығына сәйкес
Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс
1. «Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 212-құжат; № 21, 265-құжат; 2005 ж., № 29, 362-құжат; 2006 ж., № 23, 229-құжат; 2007 ж., № 42, 479-құжат; 2009 ж., № 34, 321-құжат; 2010 ж., № 51, 466-құжат; 2011 ж., № 39, 472-құжат; № 41, 518-құжат; № 48, 646-құжат; № 51, 685-құжат; 2012 ж., № 35, 457-құжат; № 54, 717-құжат; № 58, 793-құжат; № 74, 1067-құжат; № 80, 1178-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын немесе оның келісуімен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де басшы лауазымды адамдардың тізбесінде:
мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сауда өкілі |
Үкімет | Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі |
Президент |
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сауда өкілінің орынбасарлары |
Үкімет | Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі |
Президент |
»;
2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілерін және өзге де лауазымды тұлғаларын келісу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібі туралы ережеде:
3-тармақ мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сауда өкілі, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сауда өкілінің орынбасарлары жөнінде - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі.»;
18-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұлттық Банк, Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдар болып табылатын агенттіктер төрағаларының орынбасарлары; Ұлттық Банк комитеттерінің төрағалары; «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ, «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ, «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ құрамына кіретін ұлттық даму институттары мен ұлттық компаниялар басқармаларының төрағалары; холдингтер құрамына кірмейтін ұлттық компаниялар басқармаларының төрағалары; Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті аппаратының басшысы; Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сауда өкілі, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сауда өкілінің орынбасарлары.».
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
Полная версия