«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 16) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 30.11.2015
Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 тамыздағы № 814 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 30 қарашадан бастап ҚР Үкіметінің 31.10.2015 жылғы № 870 Қаулысына сәйкес «Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.06.2015 жылғы № 7-1/587 Бұйрығын қараңыз
Редакция 08.11.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 тамыздағы № 814 қаулысымен бекітілген
Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 16) тармақшасына сәйкес әзірленді әрі жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi болып табылатын ветеринариялық нормативтердiң негiзiнде ветеринариялық iс-шараларды жүргiзу тәртiбiн айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аймақ – жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша эпизоотия жағдайымен сипатталатын, әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсiне қарамастан шартты түрде шектелген аумақ;
1-1) алдын ала міндетті медициналық тексеріп-қарау - жұмысқа тұрған немесе оқуға түскен кезде кәсібі немесе оқуы бойынша міндеттерін орындауға жарамдылығын анықтау, сондай-ақ жалпы, кәсіптік аурулардың алдын алу әрі инфекциялық және паразиттік ауруларды таратпау мақсатында жүргізілетін тексеріп-қарау;
2-тармақ 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 08.11.2013 жылғы № 1191 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) ауру бойынша қолайсыз пункт (қолайсыз пункт) – эпизоотия ошағы белгiленген аумақ;
3) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар – мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау объектiлерiне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық, зоогигиеналық) талаптарды белгiлейтiн, сондай-ақ ветеринариялық нормативтердiң негiзiнде ветеринариялық iс-шараларды жүргiзу тәртiбiн айқындайтын, жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi болып табылатын нормативтiк құқықтық акт;
4) ветеринариялық-санитариялық сараптама – жануарлардан алынатын өнiмдерi мен шикiзатының, жемшөп пен жемшөп қоспаларының ветеринариялық нормативтерге сәйкестiгiн уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен органолептикалық, биохимиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, уыттық және радиологиялық зерттеулер кешенi арқылы айқындау;
5) ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасы – iшкi сауда объектiлерiнде және (немесе) басқа орындарда өткiзiлетiн жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатқа, жемшөп пен жемшөп қоспаларына ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның мамандандырылған бөлiмшесi;
6) ветеринариялық iс-шаралар – жануарлар ауруларының профилактикасын, оларды емдеудi немесе диагностикасын қоса алғанда, олардың пайда болуын, таралуын болғызбауға немесе оларды жоюға; жануарлар мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн аса қауiптi аурулар жұқтырған жануарларды залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға), алып қоюға және жоюға; жануарлардың өнiмдiлiгiн арттыруға; жануарлар мен адамның денсаулығын жұқпалы, оның iшiнде жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау мақсатында, бiрдейлендiру рәсiмiн қоса алғанда, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың, жемшөп және жемшөп қоспаларының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған эпизоотияға қарсы, ветеринариялық-санитариялық рәсiмдер кешенi;
7) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – ветеринария саласында басшылықты және мемлекеттiк саясатты iске асыруды, сондай-ақ өз өкiлеттiгi шегiнде салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Полная версия

