«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 19.09.2015
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағиданы бекіту туралы Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 14 тамыздағы № 249 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 16 тамызда № 8622 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 19 қыркүйектен бастап ҚР Ұлттық экономика министрінің 03.12.2014 жылғы № 126 Бұйрығына сәйкес
Редакция 12.05.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса берілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағида бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті (А.А. Құдайбергенова):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықтың орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың назарына жеткізсін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің интернет-ресурсында, мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі М.Е. Әбілқасымоваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық оны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жариялауға жатады.
Министр Е. Досаев
«Келісілді» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі _____________ А. Жұмағалиев 2013 жылғы ___ __________
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 14 тамыздығы № 249 бұйрығымен бекітілді
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағида
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағида (бұдан әрі - Қағида) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді стандарттау мен регламенттеудің мақсаттары:
мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға тең қол жеткізуді қамтамасыз ету;
мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бірыңғай тәсілін қамтамасыз ету;
қызмет берушілердің мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету жөніндегі қызметінің ашықтығын және есеп беруін қамтамасыз ету;
Полная версия