Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 наурыздағы № 527 Жарлығы
Редакция 29.12.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі
актілерінің жинағында жариялануға тиіс
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мына жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз) 
1-тармақша күшін жойды ҚР Президентінің 29.12.2015 жылғы № 152 Жарлығымен (22.03.2013 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
2) «Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2012 жылғы 16 қарашадағы № 435 Жарлығына:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларда:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. «Орталық мемлекеттiк органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайынғы бағалау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 24, 173-құжат; 2011 ж., № 8, 95-құжат; 2011 ж., № 52, 710-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Орталық мемлекеттiк органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайынғы бағалау жүйесiнде:
мынадай мазмұндағы 62-1-тармақпен толықтырылсын:
«62-1. Егер бағалау қорытындылары бойынша бағаланып отырған мемлекеттiк орган қызметiнiң тиiмдiлiк көрсеткiштерi төмендегені, сондай-ақ сеніп тапсырылған саладағы (қызмет саласындағы) ахуалдың нашарлағаны анықталса, Сараптама комиссиясы істің жай-күйіне бағалау жүргізілген орталық атқарушы органның тиiстi мемлекеттiк саяси қызметшiсiнің жауаптылығы туралы мәселені қарауға ұсыныс енгізеді.».
2. Осы Жарлық 2013 жылғы 26 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2013 жылғы 22 наурыздағы
№ 527 Жарлығымен
бекітілген
Қосымша күшін жойды ҚР Президентінің 29.12.2015 жылғы № 152 Жарлығымен (22.03.2013 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
Полная версия
ИС BestProfi