Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 18.09.2014
"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 71 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 23 тамыздағы № 258 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 27 тамызда № 8638 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2014 жылғы 26 қыркүйектен бастап ҚР Қаржы министрінің 18.09.2014 жылғы № 403 Бұйрығына сәйкес
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 71 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8397 болып тіркелген, 2013 жылғы 14 маусымдағы № 148 (28087), 21 маусымдағы № 153 (28092) «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер» функционалдық тобында:
5 «Жоспарлау және статистикалық қызмет» функционалдық кіші тобында:
258 «Облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы», 299 «Облыстың экономика және қаржы басқармасы», 357 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» және 453 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша:
110 «Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы iске асырылуы жоспарланатын бюджеттiк инвестициялардың экономикалық сараптамасы» бюджеттік бағдарламасы алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 061 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
«061 Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы iске асырылуы жоспарланатын бюджеттiк инвестициялардың, бюджеттiк инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесiне экономикалық сараптамасы»;
459 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі», 461 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика, қаржы және кәсіпкерлік бөлімі» және 476 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және бюджеттік жоспарлау кәсіпкерлік бөлімі» бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша:
мынадай мазмұндағы 061 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
«061 Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы iске асырылуы жоспарланатын бюджеттiк инвестициялардың, бюджеттiк инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесiне экономикалық сараптамасы»;
9 «Жалпы сипаттағы өзге де мемлекеттiк қызметтер» функционалдық кіші тобында:
мынадай мазмұндағы 045 бюджеттік бағдарламасы бар 483 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
«483 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі
045 Мемлекеттік органдардың объектілерін дамыту»;
мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 046 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
«046 Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру
Полная версия
ИС BestProfi