«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 27.08.2015
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 845 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 27 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 624 Қаулысына сәйкес «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 18.02.2015 жылғы № 133 Бұйрығын қараңыз
Редакция 31.12.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 845 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) мемлекеттік қызметтерді көрсету құзыретіне кіретін орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыруы және автоматтандыруы тәртібін айқындайды.
2. Оңтайландыруға және автоматтандыруға жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізбесін (бұдан әрі – тізбе), оларды электрондық нысанға ауыстыру мерзімдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру мен автоматтандырудың мақсаттары мемлекеттік органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету процесін, оның ішінде:
1) артық әкімшілік рәсімдерді және мемлекеттік органдардың келісуші бөлімшелерінің санын жою;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін көрсетілетін қызметтерді алушылар ұсынатын қағаз құжаттарының санын қысқарту, не оларды электрондық нысанға көшіру немесе оларды мәліметтер нысанымен алмастыру;
3) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің ведомствоаралық өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
4) көрсетілетін қызметтерді алушылардың мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларымен мемлекеттік органдарға көрсетілетін қызметті алушының өзі келмей-ақ, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, «бір терезе» қағидаты бойынша өзара іс-қимылы;
5) мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін қысқарту жолымен жеңілдету және жеделдету болып табылады.
4. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жауапты мемлекеттік орган – мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлейтін және мемлекеттік көрсетілетін қызметті оңтайландыру мен автоматтандыруға, оларды электрондық нысанға ауыстыруға жауапты мемлекеттік орган;
2) ақпараттық жүйелерді интеграциялау – ақпараттық жүйелер арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар;
Полная версия